Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5175 13 пікір 24 Тамыз, 2020 сағат 15:12

Ағайыннан алыс ассамблея

Кеңес дәуірінде туғандар жақсы біледі, "Халықтар достығы" деген идеологияның үлкен құралының бірі болатын. 15 Одақтас Республиканың астанасын, жағрапиясын, халқын, дәстүрін санаға сіңдірмесек те көкейге тоқитынбыз.

"Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!" - дегенді ол кезде Халықтар достығының ұраны екенін жаттап алғамыз. (Қазір ғой мен бұл сөздерді Албан ағайынның ұраны деймін. Албанның руларын білетіндер түсінеді)

1-май мерекесі болған сайын тек қазақтар тұратын ауыл осы 15 Республиканың ұлттық киімін тауып, тіккізіп киетін дәстүрге айналған. "Қарлығыштың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба!" - деген тиымдармен бірге "Халықтар достығын берік ұста!" - дейтін өсиет жадымызға сіңетін. "Ассабмлея" деген ол кезде жоқ еді. "Әрқашан күн сөнбесінді" біздің Қайнар Ауылының балалары қазақ, орыс, француз, неміс тілінде шырқап, артқы жағында одақтас елдердің костюмін киген хор қосылатын. Саясаттан хабары жоқ бала көңіл сол "мызғымас одақтың достығына" сендік. "Қазақстан пионері" газеті арқылы барлық елдің оқушыларымен хат алысып, достасып тұрдық. "Халықтар достығы" деген ұғым бала кездегі ойыншықтардан басталатын. Төмендегі кеңес үкіметінің кезінде шыққан қуыршақтар дәлел соған.

Ол достық театр мен кино репертуарында да болды. Әдебиетте де, сурет пен сәулет өнерінде де. Қысқасы күндіз-түні сұңқылдады да тұрды. Тек қазақ үшін емес, барлық ұлт үшін. "Артек" лагері Бүкілодақтық еді. Онда барған күннен осы достық, татулық айтылатын. Сол жерде қаншама елдің ұл-қызымен достастық. Кетерімізде қимай қоштастық...

Ал енді мына "Ассамблея" дегенің Наурызда ғана алаңға шығатын, ұлттық киім мен ұлттық дастархан көрсететін декорация ғана, сосын "қазақ тіліне жақсы сөйлейтін өзге ұлт өкілін мақтап, төбеге көтеретін" жалған сыпайыгершілік мен үшін.

Біздің елде кеңес үкіметінен қалған "Өзге ұлттың салт-дәстүрін құрметте, өкілін өзіңдей көр" - деген тек ҚАЗАҚТАРҒА ғана айтылатын, тек ҚАЗАҚТАН ғана талап етілетін бұйрық болып тұр. Өзгелерге қазақты қадірлеуден көрі аяққа таптау басты мақсат сияқты.
Бекжан досымның үндеуіне үн қосам сондықтан!

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТАРАТЫЛСЫН!

УОТ ТӘК!

Асқар Наймантаевтың жазбасы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415