Сенбі, 23 Қараша 2024
2500 2 пікір 25 Тамыз, 2020 сағат 10:44

Неміс дәрігерлері: Навальный уланған

Charité неміс клиникасының дәрігерлері ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың «ингибитор холинэстераз тобына жататын улы заттан уланғанын» мәлімдеді. Бұл жөнінде Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш твиттерге жазды.

Неміс дәрігерлері Навальныйдың нақты неден уланғанын хабарламады. Хабарламада: «Навальныйдың ағзасынан холинэстераз тәуелсіз зертханаларда жүргізілген талдауларда бірнеше рет табылғаны» жазылған.

«Диагнозға сай, науқасқа антидот атропин беріледі. Дерттің қалай әсер ететіні белгісіз, жүйке жүйесіне ұзақ уақыт әсер етуі де мүмкін», - деді клиника.

Германиялық дәрігерлердің сөзінше, Навальный әлі де жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр, дегенмен өміріне қауіп жоқ.

Кира Ярмыш Навальныйдың улануына байланысты қылмыстық іс қозғалмады деді. Олар бейсенбі күні арыз жазған, үш күн ішінде тергеу органдары шешім қабылдауы тиіс. Бірақ олай болмаған.

Навальный 20 тамызда «уланған болуы мүмкін» деп Омбы ауруханасына түскен. Навальный осы күні Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқанда жағдайы күрт нашарлап, ұшақ Омбы қаласына қонған. Ол жерде оппозиционерді  жедел жәрдеммен Омбыдағы ауруханаға жеткізген. Кейін Германия Навальныйды Берлиндегі ауруханаға әкету үшін арнайы санавиация жіберген.

Басында Омбы дәрігерлері Навальныйды орнынан қозғауға болмайды деп оны Германияға жіберуден бас тартқан. Кейін омбылық дәрілерлер Навальныйды ауруханадан әкетуге рұқсат беріп, Навальный 22 тамызда Берлинге жеткізілген.

Ресейлік дәрігерлер Навальныйдың алғашқы анализдерінен улы зат табылмағанын хабарлаған еді. Бірақ оның жақтастары саясаткердің уланғанын айтқан.

Ингибитор холинэстераз – ацетилхолинэстераз ферменттерінің жұмысын баяулататын химиялық зат. Бұл зат адам ағзасына түссе жүйке жүйесінің, мидың жұмысына кері әсер етеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385