Алматыда Майра Құрманғалиеваға халықаралық іздеу жарияланғаны туралы хабар таратылғанымен, интерполдың сайтында ол туралы ақпарат жоқ
Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ - Давид Ян. Майра Құрманғалиеваға халықаралық іздеу жарияланғаны туралы үнпарақтар Алматы орталығындағы мемлекеттік мекемелерде ілінулі тұр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Әр түрлі мекемелердің дәліздерінде ілулі тұрған «Назарларыңызға! Іздеу!» деп жазылған сапалы қағаздарда «ҚР ІІМ тергеу комитетімен Алматы прокурорының санкциясының негізінде Құрманғалиева Майра Саудабаевнаға (01.05.1962 ж.т.) халықаралық іздеу жарияланды» деп көрсетілген.
Іздеу жарияланған Майраның суреті көрсетілген үнпарақта жазылғандай, Алматының Алмалы аудандық соты 11 қазанда оны қамауға алуға рұқсат берген.
«Аталған тұлға туралы (М. Құрманғалиева - ҚазТАГ) хабар білетіндерден 102 телефонымен полицияға хабар берулеріңізді сұраймыз», - делінген үнпарақта. Бірақ таратылған үнпарақта іздеуде жүргеннің сырт пішімінің белгілері: бойы, самағы, шашының, көздерінің түстері, сондай-ақ ерекше белгілері көрсетілмепті.
Үнпарақта көрсетілгендей, М. Құрманғалиеваға интерполға мүше барлық мемлекеттерде іздеу жариялайтындығы айтылған.
М. Құрманғалиеваға іздеу жарияланғандығын ҚР ІІМ растады.

«ҚР ІІМ тергеу комитетінің қозғаған қылмыстық ісінің аясында М. Құрманғалиеваға ҚР ҚК 125 бабы 3 тармағында (адам ұрлау), 126 бап, 3-ші тармағы (адам бостандығын заңсыз айыру),177 бап, 3 тармақ (алаяқтық) 181-ші бап, 3-ші тармақ (бопсагершілік) 327 бап, 3 тармақта (жүгенсіздік) көрсетілген айып тағылып, оған халықаралық іздеу жарияланды», - деді министрліктен.
Сонымен қатар сұхбатшылар аталған фигурант қылмыстарын топ болып жасаған деп отыр. Ал олардың кейбіреулері алдын ала сөз байласу арқылы жасалып ауыр салдарға соқтырған.
Сонымен қатар ведомство «қазір М. Құрманғалиеваның қайда екені белгісіз (полицияға - ҚазТАГ)» дейді.
Бұл ретте интерполдың сайтындағы «іздеу» бөлімінде М.Құрманғалиеваға қатысты ешқандай мәлімет жоқ.