Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2502 0 пікір 13 Желтоқсан, 2011 сағат 13:06

Астананың оперативтік басқару орталығының бейнебақылау қабырғасы жетілдірілген соң көшелердегі 180 камерадан бейнекөрініс қабылдап тұр

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ - Астананың оперативтік басқару орталығының (ОБО) бейнебақылау қабырғасы модернизацияланған соң, елорданың алаңдары мен көшелеріндегі 180 камерадан бейнекөрініс қабылдап тұр, деп елорданың ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі хабарлады.

«72-дюймдық LG теледидарларынан тұратын және экранға ең көп дегенде 50 камераны шығара алатын бейнежүйе заманы өтіп кетті. Модернизациялау барысында бейнебақылау жүйесіне 80-дьюмдік, бірден 180 камерадан көрініс беретін Barcoжабдықтары орнатылды», - делінген сейсенбі күні таратылған ІІД баспасөз қызметінің хабарында.

«Пайдалануға тапсырылған «Интегра» интеллектуалдық жүйесі негізінен ЖЖЕ-ні бұзушылықты, бағдаршамның жарықтарына қарамай қозғалу, тұтас жолақты басып жүру, қарсы жолға шығып кету сияқты бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауға арналған», - деп көрсетілген хабарда.

Хабарда айтылғандай, тіркелген бұзушылықтар процессингілік орталыққа шығарылып, онда ережені бұзғандарға ескерту хабары жіберіледі. Олар пошта арқылы бұзушыларға әкімшілік айыппұл төлеу керектігі туралы хабар жібереді.

ІІД мәліметтерінше Астанада 420 сыртқы бақылау камералары орнатылған. Олар жол қиылыстарында, қоғамдық жерлерде, үйлердің аулаларында орналастырылған.

«Бейнебақылау жүйесінің көмегімен 11 айда 121 қылмыс анықталып, 24 905 әкімшілік бұзушылық тіркелген», - деп көрсетілген ақпараттық баянда. Астананың ОБО 1999 жылы құрылған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4937
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131