Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2344 0 пікір 13 Желтоқсан, 2011 сағат 13:07

Шығыс Қазақстанның ауылдық жерінде балалардың ат-спорты мектебі ашылды

Өскемен. 13 желтоқсан. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығының маңындағы Винное селосында жасөспірім-балалардың ат-спорты мектебі ашылды. Ол ауқымды ат-спорты кешенінің бір бөлігіне айналды, деп қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мұндай мектеп ашу идеясына Винное селосында БЦС кеселімен ауратын балалардың жылқылармен серуен құру сабақтары себеп болды. Қаладағы танымал «Титан» фирмасының жетекшілері иппотерапияның (балалардың церебралдық сал (БЦС) ауруларын атқа салт мініп, серуендету арқылы емдеу тәсілі - ҚазТАГ) осы бағытын одан ары дамытуды шешті. Бірақ жаңа мектепте тек науқас балалар ғана емес, атқа мінгісі келетін барлық адамдар сабақ алуларына болады», - деді сейсенбі күні әкімшіліктен.

Мектеп бірден 15-20 бала сабақ ала алатындай етіп жасалған. Бірақ онда жүздеген оқушы атпен серуендей алады. Бұл ретте әкімшіліктен айтқандай, кейін мұнда балалар тұратын бөлмелер салынып, сауықтыру үшін бассейн салынады.

Қазіргі уақытта Винное селосының ат-спорты кешенінің құрамына жылқы фермасы мен ипподром кіреді. Бассейннен басқа жабық манеж салу да жоспарлануда. Әкімшіліктегілер жоба құны мен балалардың сабағының ақысы туралы мәліметтерді нақыталамады.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2669
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4356