Сенбі, 23 Қараша 2024
Тарих 4364 4 пікір 25 Тамыз, 2020 сағат 15:45

Алаш зиялылары қазақтың түпкі жерлерін жинады

1924-1925 жылдары «Алаш» зиялылары Қазақтың территориясына қазақтың түпкі жерлерін жинап алды. Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясы «Алаш» институтымен бірге ұйымдастырған «Қазақ Республикасының 100 жылдығы және оның құрылуына «Алаш» қайраткерлерінің үлесі» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды.

«1920 жылы 26 тамызда Кеңес үкіметі Бүкілресейлік орталық атқару комитеті мен РКФСР ХКК «Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы» декрет қабылдады. 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақ автономиясының үлкен съезі өтті, сондықтан 4 қазан күні қазақ мемлекетінің қалпына келе бастаған күні деп есептеледі. 1920-1925 жылдар аралығында біздің автономиямыздың орталығы Орынборда болды. Ол Ресей империясы кезінде бізді отарлаудың бір орталығы болған», - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов.

Ол қысқа уақытта көп жұмыс істелгенін айтты.

«1920 жылы 3 миллиондай халық автономия құрамында болса, 1925 жылы 6,5 миллионға дейін шарықтады. Қазақ халқының үлесі 50%-дан асар-аспас қана болды. Орынборда қанша қиындық болса да, кадрлар жетіспесе де автономияның басында отырған жігіттер көп жұмыс істеді. Оның ішінде кадр мәселесі, жер мәселесі, әкімшілік территория, мемлекет мәселесі, білім, денсаулық мәселесі, 1920-1921 жылдары басталған ашаршылықпен керемет, тиімді күрескеніне аң-таң боламыз», - дейді ол.

Оның айтуынша, ол кезде Орынбордағы қазақтың саны 1%-дан аспаған.

«Осыған қарамай кадр жетіспеушілігі мәселесін шешкен. Алаш зиялыларының мықтыларын жұмысқа тартып, Ресей федерациясының мықты жоғары оқу орындарына жіберген. Тіпті 1924-1925 жылдары «Алаш» зиялылары қазақтың территориясына қазақтың түпкі жерлерін жинап алды. Тек Омбы қаласы мен Омбы уезіне қатысты мәселе болды. Тек 1928-1929 жылдары Алаштың мықты азаматтары Омбы қаласы мен Омбы уезін РКФСР құрамына енгізу туралы шешім қабылданды», - дейді ол.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379