Қазақстанда Ресейдегідей сайлаудан кейінгі наразылықтар болмайды, деп есептейді Алматы сайлау комиссиясының басшысы
Алматы. 15 желтоқсан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Қазақстанда Ресейдегідей сайлаудан кейін наразылықтар мен демонстрацияларға негіз жоқ, деп есептейді Алматы сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов.
«Қазақстанда демонстрациялар түрінде эмоционалдық серпіліс болады деп ойламаймын. Ол үшін негіз көріп отырған жоқпын. Қазақстандағы саяси және экономикалық жағдай Ресеймен салыстырғанда адамдар үшін қойлайлы. Бүгінгі күні мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты қазақстандықтардың көпшілігінің көңілінен шығады», - деді Б.Доспанов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.
Б.Доспановтың пікірінше, Қазақстанда ресейлік оқиғалардың қайталауына халықтың өзі жол бермейді.
«Қазақстанда ондай ештеңе болмайды деп ойлаймын. Мемлекетте халықтың 50%-дан астамы орта класс болғаны - классика, адамдардың бұл саны мемлекетте қандай да бір катаклизмнің орын алуына жол бермейді», - деді ол.
Б.Доспановтың атап көрсетуінше, Ресейде сайлаудан кейінгі наразылық көңіл күйге халықтың аз бөлігі ғана шалдыққанын айтты.

«Ресейде наразылық көңіл-күй, онда негізінен екі жерде жиналады. Бұл екі орталық - Мәскеу мен Санкт-Петербор, ал жалпы Ресейде жағдай тыныш. Болотная алаңында осыдан 4 күн бұрын кейбір мәліметтерге сәйкес 30 мың адам жиналса, басқа мәліметтерге сәйкес 25 мың адам жиналған, бірақ бұл 144 мллион халық емес қой», - деді ол.
Б.Доспановтың пікірінше, Қазақстанға араб көктемінің қайталану қаупі де төніп тұрған жоқ.
«Қазір айтылып жүрген араб көктеміне келсек, бұл - даулы мәселе. Мысалы, Ливияда диктаторды қатігездікпен өлтірді, нәтижесінде қазір оларда азаматтық соғыс болып жатыр, бір-бірін өлтіріп жатыр. Билік істеріне араласпаған халық бәрін қиратқанда, қалпына келтіру өте қиын, сонда ішкі күрес басталады. Бізге ондайдың керегі жоқ, біз ондайға тап болмаймыз», - деді ол.