Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қоры $71 мыңды құрайды – ОСК
Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының ең үлкен көлемі Т10,5 млн құрайды, деп хабарлады ҚР орталық сайлау комиссиясы (ОСК) төрағасының орынбасары Владимир Фоос.
«Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының ең үлкен көлемі 10,5 млн теңгені құрайды, бұл шамамен 71 мың доллар», - деді В. Фоосбейсенбі күні қазақстандық және шетелдік журналистермен кездесуде.
Оның айтуынша, Қазақстанда мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды.
«Кандидаттарды ұсыну 14 желтоқсанда аяқталды. 3 335 сайлау округы бойынша 9 619 үміткер ұсынды. Оның ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына 1784, аудандық мәслихаттарға 5820, қалалық мәслихаттарға 2015 кандидат ұсынылды», - деді ол.
ОСК мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні мәслихат депутаттығына 6 773 кандидаттіркелген.
Тіркеу 20 желтоқсанға дейін жалғасады, ал 21 желтоқсанда сайлау алды үгіт-насихат басталады.