Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2282 0 пікір 15 Желтоқсан, 2011 сағат 08:40

Алматыда «Желтоқсан» қозғалысының 6 қатысушысы мен «Сұңқар» жасағының 2 жауынгері баспаналы болды

Алматы. 15 желтоқсан. ҚазТАГ - Ирина Гумыркина. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Желтоқсан» қозғалысының 6 қатысушысы баспаналы болды.

«Бүгін қала әкімі маған тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алты желтоқсандыққа пәтерге иелік ету құқықтарын беретін қажет құжаттарды табыс етуді тапсырды», - деп мәлім етті қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бейсенбі күні мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу туралы хабарламаларды табыс ету рәсімінде.

«Бұл құжат пәтерде тұруға құқық береді. Бірақ алдағы уақытта жекешелендіруге мүмкіндік беретін негізгі құжаттарды кешірек аласыздар», - деді ол желтоқсандықтарға.

Алматы қаласының тұрғын үй басқармасының бастығы Қайрат Нұрқаділовтың айтуынша, кезекте 86-шы жылғы желтоқсан оқиғасының 10 қатысушысы тұрған. Оның 7-еуі өз статустарын қуаттады, бір қатысушы пәтерден бас тартты.

«2011 жылғы кезекті осымен жаптық», - деді ол.

Сонымен бірге, пәтер алу туралы хабарлама үстіміздегі жылдың сәуірінде Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін жою операциясы барысында зардап шеккен «Сұңқар» арнайы бөлімшесінің 2 қызметкеріне де табыс етілді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4932
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129