Сенбі, 23 Қараша 2024
2851 1 пікір 3 Қыркүйек, 2020 сағат 11:17

244 еріктіге Қазақстандық вакцина салынады

Осы айдың ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген вакцина 244 еріктіге салынады.

«2020 жылдың қыркүйегінде 244 еріктіге вакцинаны клиникалық сынау басталады. Оның ішінде 44-і вакцинаны клиникалық сынақтың бірінші фазасында, ал қалғандары екінші фазасында алады» делінген аталған институттың Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия, Тайвань, Куба, Франция, Аустрия және Канада секілді елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377