Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2525 0 пікір 16 Желтоқсан, 2011 сағат 14:39

Шұғыл хабар. Жаңаөзенде 10 адам қаза болып, банкоматтар тоналған

Жаңаөзендегі төтенше оқиғаға байланысты брифинг (http://prokuror.kz/rus/novosti2/?cid=0&rid=4193) өткізген бас прокурор Асхат Дауылбаев Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан 10 адам қаза тауып, әкімшілік, қонақ үйлер ғимараттары мен «Өзенмұнайгаз» өндірістік бөлімшесінің кеңсесі және автомобильдер өртеніп, банкоматтар тоналғанын мәлімдеді.

«Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді тоқтатып, тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды тауып, жазалап қаладағы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін Елбасының тапсырмасымен ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымов бастаған жедел тергеу тобы Жаңаөзен қаласына ұшып кетті» деді Асхат Дауылбаев.

Дәуылбаевтың мәлімдемесіне қарағанда, заңсыз әрекеттерді тоқтатуға шақырған құқық қызметкерлеріне жаппай тәртіпсіздік тудырғандар қару тартып алу мақсатында қарсы шабуыл жасаған. Және олар суық қару қолданған.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2066
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4137