Сенбі, 23 Қараша 2024
2477 0 пікір 3 Қыркүйек, 2020 сағат 12:02

Нұр-Сұлтан әуежайына айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан әуежайына карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды.

«Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша 1600 АЕК - 4 444 800 теңге мөлшерінде әкімшілік жаза қолданылды, бірақ елорданың әуе айлағының қысқартылған өндірісі аясында 2,2 миллион теңге айыппұл төленді», - деді Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Мұндай жаза қолдануға елорда әуежайында карантин шаралары сақталмауысебеп болды: келген және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылмаған, рейске тіркелу және отырғызу кезінде жолаушылар арасында әлеуметтік қашық сақталмаған, терминалда дезинфекциялық кілемшелер орнатылмаған, перрондық автобустың жүргізушілерінде қолғап болмаған және қызметкерлер маскалар тақпаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381