Ақтау: «Ынтымақ» алаңына жиналған жұрттың саны жүздеген адамға жетті
Ақтау қаласың «Ынтымақ» алаңына жиналғандардың саны жүздеген адамға жетті. Ол жерге автомат асынған полицияның арнайы қосымша жасағы жеткізілді деп хабарлайды «Азаттық радиосы». Ал, «Қазақстан» жаңалықтары агенттігі полиция алаңдағы жұртты облыстық әкімшілікке жібермей, 12 ықшам ауданға қарай ығыстырғанын жазады. Алаңдағы жұртқа жергілікті биліктен ешбір адам шығып, сөйлеспеген.
Соңғы ақпараттарға қарағанда, Ақтаудағы ынтымақ алаңын полиция қоршап тұр.
Алайда, «Тенгринюс» сайты Маңғыстау облысы әкімінің қоғамдық-саяси істер жөніндегі кеңесшісі Жанна Ойшыбаеваның сөзіне сілтеме жасай отырып, облыстағы жағдай бір қалыпты деп ақпарат таратып отыр.
Ал, президенттің саяси мәселер жөніндегі кеңесшісі Ермұханбет Ертісбаев елдегі саяси партиялардың жетекшілеріне өз үндеулерін жан-жақты таразылап, салмақтап алып жариялауы керектігін айтады.
Ертісбаевтың сөзіне қарағанда, полиция мен арнайы күштер бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған бандыларға ғана оқ атады екен.
Бірақ, бұған дейін Жаңаөзенде 11 адам, Шетпеде 1 адам қаза болды.
«Абай-ақпарат»