Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Коронавирус 2541 1 пікір 8 Қыркүйек, 2020 сағат 13:14

ДДСҰ: Бұл соңғы пандемия емес

«COVID-19 пандемиясының сабақтарын ескере отырып, бүкіл әлем елдері халықтың денсаулығын қорғауға қаражат салуы керек. Әлем жаңа пандемия ошақтарына алдын-ала дайындалуы қажет». 

Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустің 7 қыркүйекте өткен брифингте айтқан сөзі. Оның сөзін ДДСҰ сайты жариялады.

«Бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге эпидемия мен пандемия өмір шындығы екенін үйретті. Бірақ келесі пандемия орын алғанда, әлем осы уақытқа қарағанда жақсы дайын болуы керек. Соңғы жылдары көптеген елдер медицинада үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ жұқпалы аурулардың өршуіне жауап беру үшін негіз болатын денсаулық сақтаудың негізгі жүйелерін елемеді», - деді Гебрейесус.

Оның айтуынша, COVID-19 пандемиясының зардабынан құтылып, Экономика қалпына келген соң денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға қаражат салу керек. Гебрейесус Германияның осы салаға 2026 жылға қарай 4 миллиард еуро инвестициялау ниетін мысал ретінде келтірді.

COVID-19 эпидемиясы 2019 жылдың соңында Қытайда басталды. 2020 жылы 11 наурызда ДДСҰ коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады. Гебрейесус қазіргі денсаулық дағдарысының әсері ондаған жылдар бойы сезілетінін айтты.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048