Сенбі, 23 Қараша 2024
Ең ықпалды 50 адам 13387 14 пікір 9 Қыркүйек, 2020 сағат 13:16

Олар қазақ мұнайы мен газының «жарты Құдайлары»!

Жуырда «KazService» мұнай сервистік компаниялар одағы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ең ықпалды 50 адамның рейтингін жасады. Бұл тізімді жасауға тәжірибелі журналистер, талдаушылар, консультациялық агенттіктердің қызметкерлері, сондай-ақ ірі компаниялардың өкілдері бар 60-тан астам сарапшылар тартылған екен.

Биыл төртінші жыл қатарынан жасалып отырған бұл рейтингтің көшбасында экс-президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев тұр.

Құлыбаев Қазақстандағы мұнай-газ инжинирингін қамтитын ондаған компанияның бенефициары. Ол 2019 жылдың мамыр айынан бастап  Forbes-тегі әлем бойынша ең бай адамдардың рейтингіне кірді. Оның байлығы 3,1 миллиард долларды құраған.

Сонымен, Қазақстандағы мұнай-газ саласының тізгінін ұстаған ең ықпалды 50 адамды рет-ретімен атасақ:

1.Тимур Құлыбаев. Ол «Атамекен Одағы» палатасы президиумының төрағасы. Ресейлік «Газпром» РАҚ-ы директорлар кеңесінің мүшесі. «KAZENERGY» қауымдастығының жетекшісі. Сонымен қатар ол Дүниежүзілік мұнай кеңесінің қазақстандық комитетіне төрағалық етеді.

2. Алик Айдарбаев. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай-газ компаниясының төрағасы. 2019 жылы ұлттық компанияның таза пайдасы 1,16 трлн теңгені (3 миллиард АҚШ доллары) құраған. Алик Айдарбаев 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі болған.

 3. Нұрлан Ноғаев. Атырау облысының экс-әкімі. 2019 жылдың желтоқсан айынан бері ҚР энергетика министрі болып тағайындалды.

4. Мағзұм Мырзағалиев. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар  министрі. Бұған дейін ҚР Энергетика вице-министрі болып істеген.

5. Мұрат Жүребеков. ҚР Энергетика вице-министрі. Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ секілді ірі мұнай-газ кен орындарын басқарады.

6. Қайрат Шәріпбаев - «ҚазТрансГаз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2019 жылдың соңында ол басқарған компанияның таза кірісі 334 миллиард теңгені құрады.

7. Жақып Марабаев - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары.

8. Әсет Мағауов - ҚР Энергетика вице-министрі, мұнай өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, мұнай өнімдері өндірісін реттеу, мұнай-газ саласындағы әлеуметтік серіктестікті нығайту және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қадағалайды.

9. Данияр Тиесов - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары.

10. Данияр Абулғазин - Тимур Құлыбаевтың ең жақын серіктерінің бірі. Бүгінде ол «Атамекен» АЭС Төралқасы мұнай-газ саласы комитетінің төрағасы.

11. Имер Боннер - «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры қызметін атқарады.

12. Ұзақбай Қарабалин - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары.

13. Болат Ақшулақов - «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры. Бұған дейін ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан Үкіметінде, сондай-ақ «PSA» ЖШС, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сияқты құрылымдарда жұмыс істеді.

14. Жұмабай Қарағаев - ҚР Энергетика вице-министрі.

15. Бекет Избастин - «PSA» ЖШС мемлекет атынан Қашаған кен орнында өндірілетін мұнайдағы қазақстандық үлесті алушы.

16. Джон Балтц - «Шеврон» еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры. Аталған компания Қазақстандық Теңіздің 50%, Қарашығанақтың 18%, КҚК магистральдық құбыр желісіндегі 15%, сондай-ақ Атырау облысында құбыр клапандары мен полиэтилен құбырларын шығаратын зауыттарда үлеске ие. Америкалық компанияның үлесіне Қазақстандағы мұнай өндірісінің 18,7% немесе 2019 жылдың соңында 16,9 миллион тонна мұнай келеді.

17. Оливье Лазер - Ол Қазақстандағы «Shell» концернінің төрағасы. Қазақстанда «Shell» - Қарашығанақ кен орнының бірлескен операторы (29,25%) және Қашаған жобасының акционері (16,81%). «Shell» Қазақстандағы мұнай өндірісінің 6,3% ие.

18. Ричард Хоув - «North Caspian Operating Company» компаниясының басқарушы директоры Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кенішін басқарады. Барлық кезең ішінде Солтүстік Каспий жобасына жалпы инвестиция көлемі 70 миллиард АҚШ долларын құрады. 2019 жылы 14,1 миллион тонна мұнай және 8,5 миллиард м3 газ өндірілді.

19. Эдвин Блом - «Қарашығанақ Петролиум Оперейтингтің» басшысы.

20. Димаш Досанов - «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдаудың ұлттық компаниясын басқарады.

21. Қанатбек Сафинов - ҚР Парламент Сенатының депутаты.

22. Талғат Момышев - ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

23. Эсен Утеев - «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры.

24. Есен Қайржан - 2020 жылдың қаңтарында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланған.

25. Рашид Жақсылықов - 200-ге жуық мамандандырылған компанияларды біріктіретін Қазақстанның мұнай кәсіпшіліктері компаниялары одағы президиумының төрағасы.

26. Данияр Берлібаев - «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жанындағы мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбырын салу жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

27. Ермек Марабаев - «North Caspian Operating» компаниясының басқарушы директорының орынбасары.

28. Кенжебек Ибрашев - Қазақстан-Британ техникалық университетінің президенті.

29. Айбек Крамбаев - Атырау облысы әкімінің орынбасары болған. 2020 жылдың наурызында «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

30. Жамболат Сәрсенов - Ол KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары. Сонымен қатар, «Атамекен» АЭС Төралқасының фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы.

31. Майкл Крейли - Теңіз кен орнында ұңғыма қысымын басқару жобасының директоры.

32. Биан Джы - Қазақстандағы CNPC International компаниясының басшысы. Ол «Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Солтүстік Бозашы», ҚАМ, «CNPC-Айдан Мұнай» АҚ, ПетроҚазақстанда 67%, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да 50% сынды ірі мұнай өндіруші активтерді бақылайды.

33. Лю Цзиньчэн - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры.

34. Шухрат Данбай - Атырау МӨЗ бас директорының қазақстандық мұнай өңдеу саласындағы басшылық қызметтерін атқарған.

35. Дастан Абдулгафаров - «ҚазМұнайГаз» ҰК »АҚ стратегия, инвестиция және бизнесті дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

36. Құрманғазы Исказиев - «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ басшысы.

37. Асқар Аубакиров - «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының кеңесшісі. Мұнай-газ активтерін басқаратын «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС үйлестіру кеңесінің төрағасы.

38. Балтабек Қуандықов - «Меридиан Петролеум» мұнай компаниясының президенті, Қазақстан мұнай геологтары қоғамының жетекшісі.

39. Сергей Кан - «Болашақ-Атырау» ЖШС акцияларына иелік етеді.

40. Джексон Бейкер - «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, өндіріс бойынша бас менеджер.

41. Лучиано Васкес - 2020 жылдың тамызынан бастап ол итальяндық Eni компаниясының Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жаңа басшысы болып тағайындалды.

42. Алем Фрига-Ной - «Total Exploration and Production Kazakhstan» компаниясының басқарушы директоры. Ол басқаратын компанияға Қазақстандағы мұнай өндірісінің 3,1% тиесілі.

43. Марат Каримов - «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» бас директорының орынбасары болған.

44. Серікжан Сейтжанов - «Sauts-Oil» ЖШС мұнай компаниясының басшысы.

45. Төлеген Балғымбаев - Теңіз және Қашаған жобалары бойынша келісімшарттық жұмыстарды орындайтын «ISKER» ірі холдингінің иесі.

46. Қайыргелді Қабылдин - «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директорының орынбасары.

47. Дастан Әбішов - Қарашығанақ және Солтүстік Каспий жобаларын іске асырушы.

48. Арман Сатимов - «North Caspian Operating» компаниясының бас менеджері.

49. Алмас Құдайберген - «Centrasia Group» мұнай кен орындары сервисінің директоры.

50. Асхат Дүйсалиев - «Өзен», «Ембі», «Дунга», «Аңсаган» мұнай кен орындарының басын қосқан «KazPetroDrilling» ірі қазақстандық бұрғылау холдингінің президенті.

Сонымен бұл елулік - қазақтың, Қазақстанның мұнайы мен газын уысында ұстап отырған елулік. Олардың қатарында лауазымды мемлекеттік қызметтердегі азаматтар да аз емес. Бұған дейін Abai.kz сайтында Қазақстандағы ірі мұнай компанияларындағы шет елдік басшылар жайлы егжей-тегжейлі жазылған еді. Ал еліміздегі мұнай өндірісінің 25 пайызы қытайлық компанияның бақылауында екені талай рет айтылды, жазылды.

Айтпақшы, ҚР Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, 2020 жылы, яғни биыл Қазақстанда 86 миллион тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланған. Ендеше, жоғарыдағы ең «мықты» деген елуліктің есебі бүтін болса, бұл азаматтарды келер жылдың тізімінен де көріп қалуыңыз бек мүмкін.

Тақырыпқа тұздық:

Қазақ мұнайына қазақтан басқаның бәрі бастық

Қазақ мұнайын кімдер иеленіп отыр?

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450