Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3007 0 пікір 21 Желтоқсан, 2011 сағат 15:30

Айнаш ЕСАЛИ. “Аламан айтыс” деп осыны айт!

Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай Астанада өткен аламан айтысты көпшiлiк көпке дейiн айта-айта жүретiн болар. Ұлттық айтыс өнерiнiң шежiресi үшiн де, кө­мейiнен жыр саулаған төкпе ақындар үшiн осынау шабытты күн­дер­дiң орны бөлек болды.

Елордадағы Конгрес-холда өткен республикалық айтысқа өзiмiздiң арқалы ақындармен бiрге ар жағы Қытайдан, бер жағы Моңғолия, көршi Қырғыз елi мен Өзбекстанды қосқанда 41 ақын қатысты. Бұл айтыста Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз, белгiлi айтыс ақыны Жәмиға Дәулетқызы бас жүлденi қанжығасына байлап, 3 миллион теңге көлемiн­дегi арнайы сый­ақыға ие болды.

Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай Астанада өткен аламан айтысты көпшiлiк көпке дейiн айта-айта жүретiн болар. Ұлттық айтыс өнерiнiң шежiресi үшiн де, кө­мейiнен жыр саулаған төкпе ақындар үшiн осынау шабытты күн­дер­дiң орны бөлек болды.

Елордадағы Конгрес-холда өткен республикалық айтысқа өзiмiздiң арқалы ақындармен бiрге ар жағы Қытайдан, бер жағы Моңғолия, көршi Қырғыз елi мен Өзбекстанды қосқанда 41 ақын қатысты. Бұл айтыста Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз, белгiлi айтыс ақыны Жәмиға Дәулетқызы бас жүлденi қанжығасына байлап, 3 миллион теңге көлемiн­дегi арнайы сый­ақыға ие болды.

Үш күн бойы Елорданы думанға бөлеген айтысқа "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры демеушiлiк жасап, қомақты жүлде қорын тағайындады. Осы уақытқа дейiн "Самұрық-Қазына" қоры ел экономикасына қарайласып келсе, ендiгi жерде қордың әлеу­меттiк-жауапкершi­лiктi ұйым ретiнде қоғамда ерекше маңызы бар мәдени шараны ұйымдастыруға қолдау көр­сеттi. Осының жарқын айға­ғы - Ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған аламан айтыс. Айтыстың ашылу салтанатында айтыстың жүргi­зу­­шiсi, ақын Жүрсiн Ерман: - Қа­зақ жұрты­ның тарихы азат­тық жолын­дағы кү­рес­терге толы болды. Баба­лары­мыз­дың ар­ма­ны орын­­далып, Қа­зақстан көк байрағын жел­бiретiп, әлемдегi ең ай­тулы мемлекет­тердiң қа­та­рына қосылғалы да, мiне, 20 жыл толып отыр. Ақындар ай­тысы­ның осы мереке қар­саңында ұйым­дас­­ты­рылуы тегiн емес. Өйткенi сонау ақта­бан шұ­бы­рынды, оның арғы-бергi жағындағы өткен уақыт­тардың бәрiнде азат­тықты, тә­уелсiз­дiктi ақын­­дардай жыр­лаған, ақын­дар­дай аң­са­ған еш­кiм бол­ған емес, - дедi. Қасиеттi Тәуелсiздiктi, азаттықты, егемендiктi ең алдымен аңсаған да, көксеген де, оны сұлу сөзбен суреттеп, кестелi оймен бе­зен­дiрген де - ең алдымен ақындар десе, Жүрсiн Ерман ақиқаттан алыстағаны емес. Расында да осы өнер додасына, өлең додасына елi­мiздiң әр өңiрiнен "сен тұр, мен атайын" ақындар жиылып, үш күн бойы Астананың төрiнде тәуелсiз­дiгiмiздi ұлықтады. Ақындар айтпай қалды дейтiн жайт қалмады. Өзге де көкейкестi мә­се­лелер жыр болып төгiлдi. Бас тақырып - Тәуелсiз­дiгiмiздiң торқалы тойынан бастап, қазақтың көбеюiне дейiн қамтылған айтыста аға мен iнiнiң, қыз бен жiгiт­тiң, жезде мен балдыздың әдемi қазақы қалжыңдары мен қағытпалары да көрiнiс бердi. Ата-бабамыздың жөн-жоралғысын да осы айтыс­тан көрдiк. Қытайдың рес­ми органдары төрт ақынға бас қылып, Шыңжан автономиясы мәде­ниет министрiнiң орынбасары Ма Ин Шың және ҚХР Мәдениет ми­нистр­лiгiнiң Өнер басқармасының бастығы Зо Ин Шаң деген азаматтарын жiбер­ген екен. Олар да үш күн бойы тапжылмай айтысты тыңдады. Сөйткен қытайлық делегация басшыларына да, Қырғызстаннан келген арнайы өкiлге де Мырзатай Жолдасбеков ризашылығын бiлдiрiп, шапан жауып қайтарды.

Мұның сыртында Қытайда омыраудағы нә­рес­тесiн тастап, осынау ұлы тойдың айтысына келген Гүлсiнай ақын мен кiшкене баласын Астанаға ертiп келген алматылық Сара Тоқтамысованы да құр қол қайтармай, балаларына "тай" мiнгiздi. Жоғарыда атап өткендей, бұл айтыстың бiр ерекшелiгi - көршi елдерден де қандас бауырластар қатысып, ай­тыстың еларалық сипат алғаны мен басымдықтың жас­тар­ға берiлгенi болды. Айтыстағы Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсын­баева, Дәулеткерей Кәп­ұлы, Аманжол Әлтаев, Серiкзат Дүйсенғазин секiлдi елге танымал тарланбоздардың жөнi бiр бө­лек болса, бұл жолы Әлiбек Сер­ғали, Мұх­тар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров сияқты жалындаған жас перiлер бәйге көрi­гiн қыз­дырып, ел-жұртты риза еттi. Мұны елi­мiз­дегi туған тiлiн төрге оздырған Тәуел­сiз­дiк­тiң бiрден-бiр көрiнiсi, күн өткен сай­­­ын өз мұратына жетiп келе жатқан ана тiлi­мiздiң мәуелi жемiсi деуге болады.

Ал ақындарымыздың өлеңi мен өресiн сарапқа салған қазылар алқасының құрамында Мырзатай Жолдасбеков, Сейiт Қас­қабасов, Асанәлi Әшiмов, Өмiр­зақ Айтбаев, Фариза Оңғарсынова, Бекболат Тiлеухан, Несiпбек Айтұлы сияқты өнер қайраткер­лерi және айтыс жанашырлары болды. Қазылар алқасының ше­шi­мi­мен Бас бәйгенi (3 миллион теңге) Қытай Халық Рес­публикасынан келген қандасымыз Жәми­ға Дәулетқызы жеңiп алды. Бiрiншi орынды (1,5 миллион теңге) Ақ­мола облысынан сайысқа түс­кен жас қыран Әлi­бек Сер­ғали ие­лен­дi. Ал екi II орынды (1 мил­лион теңгеден) қызыл­ордалық Мұх­тар Ниязов пен астаналық Еркебұлан Қай­на­­­за­ров қанжығасына байласа, үш III орын (500 000 теңгеден) Қырғыз Рес­пуб­лика­сы­нан қатысқан Аалы Туткучев пен Алматы және Астана айтыс­керлерi Сара Тоқ­та­мы­сова мен Айнұр Тұрсынбаеваға бұ­­й­­ырды.

Қазылар алқасының ше­шi­мi­­мен халық та келiс­кен сыңайлы. Әрине, өзге де айтыскер ақындар кәдесiз қалған жоқ. Айт­қандай, бұл айтыстың жүлде қоры үшiншi күнi аяқастынан ұлғайды. Айтыстың бұрыннан танымал жанашыры Нұртай Сабильянов 1 миллион теңге, ал "Алтын қыран" компаниялар тобының бас директоры Исламбек Салжанов "айтысқа шашуым" деп 3 миллион теңге қос­қан. Сарыарқада салтанат құ­рып, ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жыл­дығына тағзым еткен ерекше айтыстың тек жүлде қоры 10 миллион теңгеден асып жығылғанын ескерсек, айтулы мәдени шарадағы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының да салмағы көрiнедi. Дегенмен, "Самұрық-Қазына" ел экономикасына ғана емес, әдет-ғұрпымызға сай мәдени шараны қазiргi заманда одан әрi дамытуға және ел арасындағы бiрлi­гiмiздi нығайтуға айтарлықтай қолдау көрсе­тiп келе жатқанын айту ләзiм.

Айнаш ЕСАЛИ.

http://zhasalash.kz/ruhaniyat/6096.html

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417