Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3664 4 пікір 9 Қыркүйек, 2020 сағат 12:28

Лукашенко: Мен кетпеймін!

Беларусь президенті Александр Лукашенко орыс баспасөзіне сұхбат беріп, елдегі саяси процесстер туралы өз ойын айтқан екен. Лукашенкомен сұхбаттасуға «Россия-1», «Russia Today», «Еуразия» арналарының тілшелері қатысқан. Кездесу Минскіде өткен.

Сұхбат барысында «Еуропаның соңғы диктаторы» атанып кеткен Александр Лукашенко президенттіктен жайдан-жай кетпейтінін, ширек ғасыр шегінде өзі басқарып отырған мемлекетті еңсесінен тік тұрғызғанын айтыпты.

«Иә, мен мүкін президенттікте ұзақтау отырған шығармын. Бірақ, Беларусьті қазір мен ғана қорғай аламын», - депті Лукашенко.

Сондай-ақ, Лукашенко өз сөзінде «сайлаудан кейінгі наразылық акцияларын ұйымдастырған АҚШ», деп айыптай сөйлеп, жаңа құрылған координациялық кеңеспен диалогқа келмейтінін ашық айтқан.

«Оппозиция құрған координациялық кеңеспен сөйлеспеймін. Олардың кім екенін де білмеймін. Олардың көксегені, олардың ұсынып отырғандары беларусь халқы үшін өте қауіпті», -деген Лукашенко.

Күні кеше ғана Беларусьтегі оппозиция жетекшілері мен Лукашенконың қарсыластары елден кете бастағаны ақпаратта жария болған.

Атап айтқанда, қамаудағы саясаткер Виктор Бабариконың сайлау штабының өкілі, сайлау науқаны кезінде «Үш әйел» митингін ұйымдастырған Мария Колесникова және оның екі әріптесі Антон Родненков пен Иван Кравцов Беларусь-Украина шекарасында тұтқындалған. Олар елден кетпек болған. Бұл билік органдары таратқан ресми ақпарат.

Ал Беларусь оппозициясы мен Украинаның ресми органдары таратқан ақпаратқа сүйенсек, оппозиция лидері Мария Колесникова мен оның әріптестерін билік Беларусьтен күштеп шығармақ болған.

Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің таратқан ақпаратынша, Колесникованың екі әріптесі Украина териториясына өте бергенде ұсталған. Ал Марияның өзі ол кезде шекарадан өтпеген.

Украина Ішкі істер министрі Антон Геращенко аталған жайтқа қатысты пікір білдіріп, беларусь оппозиционерлері шекарадан өз еріктерімен өтпегенін айтқан.

Мария Колесникова басшыларының бірі болып саналатын Беларусьтегі оппозициялық Координациялық кеңес мәлімдемесінде Колесникованың шекарадан өз еркімен емес, күшпен шығарылмақ болғаны, оны елден қумақ болғанда ол өзінің құжатын (паспортын) жыртып тастағаны хабарлаған.

Айта кетейік, Беларусьте қарсылық акциялары 9 тамыздан бері жалғасып келеді. Наразы топ сайлау қорытындылары бұрмаланған деп санайды. Беларусь Орталық сайлау комиссиясының есебінше, Александр Лукашенко 80,10 пайыз, оның басты оппоненті болған Светлана Тихановская 10,12 пайыз дауыс жинаған.

Ал сайлаудан кейінгі шерулер кезінде күштік құрылымдар азаматтарға қарсы ұрда-жық саясатты ұстанып, күш қолданған. Резеңке оқтар мен су шашқын техникаларды қолданған. Наразылықтар кезінде 8 мыңға жуық азамат тұтқындалған. Ресми ақпарат бойынша 4 адам қайтыс болған.

Литва, Латвия мен Эстония алғаш болып Беларусь билігіне жекелеген санкциялар салған. Балтық елдері Александр Лукашенко бастаған Беларусьтің 30 шенеунігін нон-грата тұлға деп таныған.

Бұл сайлауға Халықаралық бақылаушылар қатыстырылған жоқ. Сайлаудан кейін Александр Лукашенконың «жеңісін» АҚШ пен Батыс, Еуроқауымдастық елдері мойындаған жоқ. Лукашенконың «жеңісін» бұрынғы һәм қазіргі елдер ғана мойындаған. Ал Қазақстан Лукашенконы құттықтаған алғашқы үш мемлекеттің бірі болған (Қытай мен Ресейден кейін).

Тақырыпқа тұздық:

Лукашенко қарсыластарын депортациялап жатыр ма?

Лукашенконың «жеңісін» кімдер мойындады, кімдер жоқ?

Лукашенко жеңді ме, жеңілді ме?

Лукашенконың «жеңісі» һәм халық наразылығы...

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452