Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Шолу 6671 12 пікір 19 Тамыз, 2020 сағат 12:59

Лукашенконың «жеңісін» кімдер мойындады, кімдер жоқ?

Қазақстанмен «одастасып» отырған Беларусьтегі 9 тамызда өткен президент сайлауының у-шуы әлі басылған жоқ. Міне, бүгін 9-шы тәулікке жалғасып жатқан наразылық акцияларына алғашқыда жүздеген, кейін мыңдаған, қазір жүз мыңдаған азаматтар шығуда. Елдегі ірі-ірі деген кәсіпорындардың қызметкерлері де көшедегі көпшіліктің ішінде жүр.

(Елшіліктен кеткен екі азамат)

Ел-жұрттың талап-тілегін қолдаған Беларусь Сыртқы істер министрлігінің бірлі-жарым қызметкері, Беларусь мемлекеттік арналарының журналистері қызметтерінен кеткен. Кейбіреулері «қайта сайланған» президент  Лукашенконың отаставкасын талап етуде. Атап айтқанда, Беларусьтің Словакиядағы Елшісі Игорь Лещеня Лукашенко режимін қолдаудан бас тартып, өз еркімен отставкаға кетсе, Беларусьтің Швейцария Конфедерациясындағы бұрынғы сенімді іс басқарушы болған Павел Мацукевич Лукашенконың отаставкасын алап еткен.

9 тамыздан бері күні бүгінге дейін жалғасып жатқан наразылық акциялары кезінде Беларусь билігі күштік құрылымдарды жұмылдырып, бейбіт акцияға қатысушыларға қарсы күш қолданған. Жүздеген адам түрлі дене жарақаттарын алған. Ресми дерек бойынша, 1 адам қайтыс болған. Мыңға жуық адам тұтқындалып, Халықаралық қауымдастықтардың араласуынан кейін босатылған.

Осыдан кейін билік аппараты Лукашенконы жақтаушылардың митингін өткізген. Оған ресми түрде 50-60 мыңға жуық адам қатысқан. Лукашенко жақтастарының шерулері де күн сайын жалғасып жатыр.

Ал халықаралық саяси сарапшылар Беларусь халқының бейбіт шерулерін қолдай сөйлеп, қолпаштау жасағанымен, жүз мыңдаған азаматтың басында тұрар лидердің жоқтығын айтады. Осыдан бірнеше күн бұрын Лукашенконың басты оппоненті болған Светлана Тихановская халыққа үндеу жасап, «Ұлттық лидер» болуға дайын екенін мәлімдеген.

Беларусьтегі саяси жағдайларға қатысты сарапшылар пікірі де әртүрлі. Көпшілігі елді 26 жыл үздіксіз басқарған Александр Лукашенко режимінің күні бітуге таяу дегенге тоқталып отыр. Мұны Лукашенко аппараты да түсінетіндей. Жуырда ғана Беларусь Үкіметін толық құрамда доғарысқа жіберген екен. Сарапшылар елдегі саяси дағдарысты конституцияға өзгерту енгізу арқылы ғана шешуге болатынын айтыпты.

Сонымен, Лукашенко доғарысқа кете ме? Лукашенконың бұл «жеңісін» кімдер мойындады, кімдер жоқ? Біз әлем лидерлерінің ресми мәлімдемелеріне шолу жасадық.

Лукашенконың «жеңісін» кімдер мойындамайды?

Госсекретарь США назвал Иран крупнейшим спонсором терроризма ...

Майк Помпео, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

«Сайлауға қатысты жайттар бізді алаңдатып отыр. Және ол сайлаудың әділ өтпегені өкінішті. Біз мұндай жағдайларды бұған дейін де көрдік. Өкінішке орай, сол жағдайлар қайталанып отыр. Біз бейбіт шерушілерге қарсы күш қолданылып жатқанын көріп отырмыз. Бұл жағдайға қандай реакция көрсететінімізді нақты айта алмаймын. Бірақ, бір анығы – біз Еуропадағы достарымызбен бірлесіп әрекет етеміз. Біз бұл жағдай Беларусь халқының пайдасына шешілгенін қалаймыз», - деп мәлімдеді.

Биография Ангелы Меркель - РИА Новости, 14.03.2018

Германия канцлері Ангела Меркельдің позициясы:

ГФР канцлері Ангела Меркель Беларусь билігінің бейбіт шерушілерге қарсы күш қолдануын айыптап сөйлеген. Бұл туралы Германия министрлер кабинетінің өкілі Штефан Зайберт мәлімдеген. Ал кеше Меркель Беларусьтегі саяси дағдарысты реттеу мәселесін ақылдасу үшін Ресей президенті Путинмен телефон арқылы сөйлескен.

Президент Франции проведет дебаты на Twitch | Пикабу

Эмануель Макрон, Франция президенті:

«Еуропалық одақ өз құқықтары, бостандықтары мен егемендігі үшін бейбіт шеруге шыққан жүздеген мың беларусті әрі қарай да қолдауы керек», - деп жазды «Твиттердегі» парақшасында.

Черные метки: антироссийские санкции Литва не отменит ни при каких ...

Гитанас Науседа, Литва президенті:

«Мен Лукашенконы әлі де легитимді президент деп есептемеймін. Өйткені, Беларусьте демократиялық сайлау жоқ», - деп мәлімдеген.

Эгилс Левитс избран президентом Латвии | Новости из Германии о ...

Эглис Левитс, Латвия президенті:

«Беларусь құқық қорғау органдарын сайлау кезінде тұтқындалған барлық азаматтарды дереу босатуға, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, сөз бостандығы мен баспасөз бостандығына шектеу қоймауға шақырамын», - деді.

ВЛАСТИ ПОЛЬШИ ПРОСЯТ ПОСКОРЕЕ ВВЕСТИ ВОЙСКА США

Матеуш Моравецкий, Польша премьері:

«9 тамыздағы президенттік сайлаудан кейін елде өзгерісті талап еткен өз халқына Беларусь билігі күш қолданды. Біз беларусь халқының бостандыққа деген ұмтылысын қолдауымыз керек», - деген.

На выборах в Чехии победил популист и миллиардер Андрей Бабиш ...

Андрей Бабиш, Чехия премьері:

«Беларусь біздің шұғыл көмегімізге мұқтаж. Беларусьте қайта сайлау өткізілуі тиіс және ол сайлау ашық әрі шетелдік бақылаушылардың қатысуымен өтуі тиіс», - деді.

Выборы в Словении: победу может одержать бывший коррупционер ...

Янез Янша, Солвения премьері:

«Менің ойымша, Беларусьтегі қазіргі дағдарысты тек бейбіт жолмен шешу керек. Халықаралық бақылаушылардың қатысуымен қайтадан сайлау өткізу керек», - деп мәлімдеген.

Главой МИД Канады назначен Франсуа-Филипп Шампань | Новости ...

Франсуа-Филипп Шампань, Канада Сыртқы істер министрі:

«Канада Беларусьтегі президенттік сайлаудан кейінгі бейбіт шерушілерге көрсетіліп жатқан қысымды айыптайды. Канада бұл сайлаудың қорытындыларын мойындамайды. Біз ЕЫҚҰ-ны егжей-тегжейлі зерттеуге, елде еркін әрі әділ сайлау өткізуге шақырамыз», - деп жазды.

Глава МИД Ирландии впервые прибудет в Эстонию с визитом

Саймон Коувени, Ирландия Сыртқы істер министрі:

«Мен Беларусьтегі жағдайларға қатты алаңдаушылық білдіремін және адам құқықтарына қарсы жасалып жатқан әрекеттерді айыптаймын. Бұл сайлаудың қорытындысын легитимді деуге келмейді. Ирландия сайлау нәтижелерін мойындамайды», - деп жазған.

Доминик Рааб – новости на информационном портале Горских евреев СТМЭГИ

Доминик Рааб, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі:

«Беларусьтегі бейбіт шерушілерге қарсы қолданылып жатқан күш пен қысым қорқынышты. Ұлыбритания бұл бұрмаланған президенттік сайлаудың қорытындыларын мойындамайды және ЕЫҚҰ-ны (OSCE) бұл репрессиялардың зардаптары мен кемшіліктерін дереу зерттеуге шақырады», - деп мәлімдеген.

Никак не уймется: зачем глава МИД Эстонии вновь обвиняет Россию в ...

Урмас Райнсалу, Эстония Сытқы істер министрі:

«Беларусь Республикасындағы саяси жағдайға көңіл аударуымыз керек. Адам құқықтары мен саяси бостандық мәселелерін, Беларусь мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің талқысына салу керек.Өйткені, бұл біздің өңір үшін өте маңызды мәселе», - деп мәлімдеген.

Германия раскритиковала провозглашение независимости Каталонии ...

Штефан Зайберт, Германия Министрлер кабинетінің өкілі:

«Беларусь. Жүздеген мың адамның тағы да бейбіт жолмен көшеге шығып, өз құқықтарын қорғағаны, билік аппараты тарапынан жасалып жатқан репрессияға қарсылық көрсетуі сүйсіндіреді. Бұл азаматтар Еуропа олардың жағында екенін білуі тиіс!», - деп жазды.

Шарль Мишель: фото, биография, досье

Шарль Мишель, Еуропа кеңесінің төрағасы:

«Беларусьтегі сайлау әділ әрі еркін өткен жоқ. Бейбіт шерушілерге көрсетілген күш бәрімізді таңқалдырды және ол талқылауды қажет етеді. Кінәлілер жазалануы тиіс. ЕО санкция салу мәселесін ақылдасып жатыр», - деп жазды.

Жозеп Боррель: «Свобода прессы важна в качестве фундамента демократии»

Жозеп Борель, ЕО-ның Сыртқы істер және саяси қауіпсіздік жөніндегі төрағасы:

«Беларусьтегі бейбіт шерушілерге қарсы қолданылып жатқан дөрекі репрессияны дереу тоқтату керек. Беларусь халқы демократияға, еркін әрі әділ сайлауға қақылы», - деп жазды.

Урсула Гертруда фон дер Ляйен: фото, биография, досье

Урсула фон дер Ляен, Еурокомиссия төрағасы:

«Бізге Беларусьте адам құқығын және демократиялық құндылықтарды өрескел бұзғандарға қосымша санкция салу мәселесін қарастыру қажет. ЕО Сыртқы істер министрлерінің бүгінгі талқысы Беларусь халқының құқығын қорғауға қатысты біздің нық позициямызды көрсетеді деп сенемін», - деді.

ЕО Сыртқы істер министрлерінің шұғыл кеңесінде Беларусь билігіне санкция салуды Германия, Австрия, Литва, Латвия және Швеция қолдаған. Кейін ЕО кеңесіне мүше 27 мемлекеттің 26-сы санкция салуды қодаған. Жалғыз Венгрия қарсы болған.

8 мемлекеттің бірлескен мәлімдемесі

«2020 жылдың 9 тамызында өткен президенттік сайлау Беларусьтің халықаралық міндеттері мен бүкіл әлемде мойындалған демократияның, заңдық үстемдіктің стандарттарына сай емес. Сайлау еркін әрі әділ өткен жоқ.

Біз Беларусь билігін саяси оппоненттерді қудалауды тоқтатуға, әділетсіз қамалғандарды дереу босатып, адам құқықтарын құрметтеуге шақырамыз. Біз Беларусь үкіметін дереу арада оппозициямен диалогқа келуін талап етеміз. Біз Беларусь халқымен біргеміз!».

Мәлімдеме авторлары: Дания, Эстония, Финляндия, Исландия, Латвия, Литва, Норвегия және Швеция Сыртқы істер министрліктері.

Еуропарламент депутаттары:

Еуропарламенттің бірнеше партиясы бірігіп, Беларусьте қайтадан президенттік сайлау өткізуді ұсынған. Олардың бірлескен мәлімдемесі Еуропарламенттің ресми сайтында жария болды.

«Біз беларусь халқына олардың ерлігі мен шешімгерлігі үшін ризашылық білдіреміз және олардың демократиялық өзгеріске деген ұмтылыстарын қолдаймыз. 9 тамыздағы президенттік сайлау әділ болған жоқ. Светлана Тихановскаяның жеңісін растайтын әділ есеп жасалған жоқ. Сондықтан, біз Александр Лукашенконың Беларуьтің қайта сайланған президент ретінде мойындамаймыз, сондай-ақ, Еуроодақтағы нон-грата тұлға деп танимыз», - делінген Еуропарламент депутаттарының мәлімдемесінде.

Бұл мәлімдеменің авторлары: «Еуропа халықтық» партиясы, «Жаңарған Еуропа» партиясы, «Социал-демократтардың» альянсы, «Еуропалық консерваторлар мен реформистер» тобы және «Жасылдар» партиясы. Бұл бестік Еуропарламенттегі 705 орынның 560-ын иеленіп отырған ірі коалиция.

Ал кімдер мойындады, кімдер құттықтады?

Си Цзиньпин: Китай и Россия должны укреплять общность интересов ...

Ши Жиңпиң, ҚХР төрағасы:

«Мен Сіздің басшылығыңызбен Беларусь мемлекет құру ісінде жоғарғы жетістіктерге жететініне сенімдімін», - деген.

Путин выразил соболезнования властям Индии в связи с ...

Владимир Путин, Ресей президенті:

«Сіздің мемлекеттік қайраткерлігіңіз орыс-беларусь қарым-қатынастарының, «Одақтас ел» аясындғы интеграциялардың әрмен қарай дамуына ықпал етеді деп сенемін. Бұл Ресей-Беларуь бауырлас елдердің мүддесіне сай келеді деп есептеймін», - деген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны: әйелі мен балалары туралы не білеміз

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан президенті:

«Қиын саяси кезеңде өткен президенттік сайлаудың қорытындысы – Сіздің Беларусь егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту жолындағы стратегиялық бағытыңызға деген халықтың қолдауын көрсетіп отыр», - деп жазған.

Семья президента: Шавкат Мирзиёев - NEWS.ru

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан президенті:

«Сайлауға келген адамдардың және сайлау қорытындысы беларусь халқының Сізге деген сенімін тағы бір мәрте көрсетіп отыр. Бұл Сіздің басшылығыңызбен іске асырылған экономикалық реформалар мен азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған жұмыстарыңызға деген халық қолдауы», - деген.

Жээнбеков подписан на Атамбаева. Кого читают высшие чины в соцсетях

Соронбай Жээнбеков, Қырғызстан президенті:

«Сайлаудың қорытындысы – Сіздің ұлттық мүдде мен азаматтық келісімді нығайту ісіндегі бағытыңызға деген халық қолдауын көрсетіп отыр», - деген.

Игорь Додон отстранен от должности президента Молдавии - RuBaltic.ru

Игорь Додон, Молдова президенті:

«Сізді Мемлекет басшылығындағы ең жоғарғы лауазымға қайта сайлау арқылы беларусь халқы Сізге үлкен сенім артып отыр», - деген.

Александр Лукашенконы алғашқылардың бірі болып құттықтағандардың және бір легі:

Ильхам Әлиев, Әзірбайжан президенті, Никол Пашинян, Армения премьері, Эмомоли Рахмон, Тәжікстан президенті, Режеп Ердоған, Түркия президенті, Николас Мадуро, Венесуэла президенті.

Естеріңізге сала кетейік, 9 тамызда өткен сайлаудың Беларуьс ОСК ұсынған қорытындысы бойынша Александр Лукашенко 80,1 пайыз, оның басты қарсыласы Светлана Тихановская 10,1 пайыз дауыс алған. Бұл сайлауға халықаралық бақылаушылар қатысқан жоқ. Дәлірек айтсақ, қатыстырылған жоқ.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3290