Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4542 0 пікір 27 Наурыз, 2012 сағат 09:22

Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот басталды

Кеше Жоғарғы соттың арнайы өкілі Оксана Петерс Жаңаөзен оқиғасы байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша 37 адамға айып тағылып отырғанын, сотқа 100-ден астам жәбірленуші, 45 куә, 6 мемлекеттік айыптаушы мен 12 қорғаушы қатысатынын ал, сот ісі «Арман» орталығында ашық өтетін мәлімдеген еді.

Алайда, таңғы сағат 7 ден бастап сот отырысы өтетін жерге халық  көптеп жинала бастаған. Нәтижесінде сот өтетін зал лық толып, сыртта жүздеген адам сотқа кіре алмай қалған. Ал, істі қарауға тиіс судья Аралабай Нағашыбаев істі болғандардың бірі Нұрсұлтан Мұқашевтің келмей қалуына байланысты сот ісін сағат 15-ке шегерген. Бұл туралы janaozen.net сайтының Ақтаудағы сот отырысына қатысу үшін арнайы барған тілшісі хабарлапты.

Сондай-ақ, «Тәуелсіз комиссия мүшелері Болат Әбілов пен Рысбек Сәрсенбайұлы халықты жанжал шығармауға шақырды. Олар бұл жерге жиналғандардың сыймайтынын, сыртта көп халықтың күтіп тұрғанын айтып, мәселені шешуге қала әкіміне кетті», деп жазады janaozen.net

Азаттық радиосының жазуына қарағанда, сотқа бақылаушы ретінде барған «Жаңаөзен-2011» халықаралық комитетінің мүшесі Ғалым Ағелеуов: Алғашқы сот отырысында 241-бап бойынша, яғни, «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деп айыпталған 37 азаматтың ісі қаралмақ. Айыпталушылардың екеуі - кәмелетке толмаған жасөспірімдер», екенін айтқан.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысынан жеткен хабарларды жедел жариялап отырамыз.

Жаңаөзен қаласында 2011 жылдың 16 желтоқсаны күні болған қанды оқиғаны жадымызда қайта жаңғырту үшін видео мен фотоларды қайталап жария етіп отырмыз.

«Абай-ақпарат»

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019