Путин мен Лукашенко Сочиде кездеседі
Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Сочиге ұшып кетті.
Бұл Лукашенконың 9-тамызда өткен сайлаудан кейін бірінші рет шет елге жасаған сапары. Белорусьте президент сайлауының ресми қорытындысына қарсы бір айдан бері ірі акциялар өтіп жатыр.
Батыс елдері, Беларуссия оппозициясы сияқты, президенттік сайлау бұрмалаушылықпен өткенін айтып оның нәтижелерін мойындамады. Лукашенконың өкілеттік мерзімі 5 қарашада аяқталады, жаңа инаугурация әлі белгіленбеген. Беларуссияның оппозициясы басқарған Үйлестіру кеңесінің мүшелері Лукашенко 5 қарашадан кейін елдің заңды көшбасшысы ретінде танылмайды деп отыр.
Путин Лукашенконы сайлаудан кейін бірден жеңісімен құттықтады. Одан бөлек, екі елдің президенттері лидер бірнеше рет телефон арқылы сөйлесті. Ал, Сочидегі кездесу екі апта бұрын жарияланған болатын.
БелТА басшылары екіжақты ынтымақтастық, халықаралық мәселелер және аймақтағы ахуал туралы «жеке» келіссөздер жүргізеді деп хабарлайды. Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков интеграция мәселелері талқыланады, бірақ ешқандай құжатқа қол қойылмайды деп мәлімдеген.
Abai.kz