Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3577 0 пікір 22 Желтоқсан, 2011 сағат 14:01

Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының жаңа әкімі етіп Бауыржан Мұхамеджановты тағайындады, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрілігі халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко.

2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласының орталық «Ынтымақ» алаңында, Қазақстан тәуелсіздігінің  20 жылдығына арналған мерекелік бағдарламалар өтіп жатқан кезде, жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Нәтижесінде 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақаттанды. Жалпы жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде 46 объектілер тоналып, өртелген. Жаңаөзеннің өзінде байланыс болмаған. Ұялы операторлар жұмысының іркілісі қала тұрғындарының айтуынша, Ақтау қаласында да болған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбіде Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай қаланың шекарасында  2011 жылғы 17 желтоқсандағы 18 сағат 00 минуттан 2012  жылғы 5 қаңтардағы 7 сағат 00 минут мерзімге дейінгі кезеңде жалғасады. Мектептерде мерзімнен бұрын қысқы демалыс басталды. Қазақстанның бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, Жаңаөзен қаласындағы жағдай біртіндеп қалпына келуде. Оқиға орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеуде. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зиян мөлшері 13,5 миллион долларға бағалануда.

Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін жұмысшылардың бір бөлігі өздерінің және туыстарының өмірінен қауіптеніп жұмысқа шыққан жоқ. Жаңаөзенде құқық қорғау органдары тәртіпсіздіктерге үгіттеп жүрген 19 адамды ұстады. Ауруханада 60 аса зардап шеккендер қалуда.

АСТАНА, 22 жел - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373