Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3439 0 пікір 23 Желтоқсан, 2011 сағат 06:01

Әлібек Шегебай. Маңғыстау мұңы

Көтеріліс пе,

Қозғалыс па,

Қылмыс па?

Мен білмедім, білетінім тым қысқа.

Шаңырағы шайқатылып шындықтың,

Жаңаөзен жаурап жатыр бұл қыста.

 

Қажытты ма, қуыршақты «ғажаптар»,

Мезі етті ме, маймыл мінез - мазақтар.

Ояныңдар, ойланыңдар дегендей

Отпантаудан от тұтатты Қазақтар.

 

Мен білмеймін айла ма әлде арбау ма,

Біле алмадым жоқтау ма әлде зарлау ма?

Құлынынан айырылған сорлы Ана

Құдайын да, мұнайын да қарғауда.

 

Қайғысы мен қасіреті батпандай,

Бұл не деген қорқынышты шақ қандай.

Жаңаөзеннің жанарында мөлтілдеп,

«Желтоқсанның жаңғырығы» жатқандай.

 

Мен сенбеймін, сене алмайды жүрегім,

Бір шындық бар бұғып жатқан білемін.

Айыра алмай есерлік пен ерлікті

Ес жия алмай есеңгіреп тұр елім.

 

Кімдер тойып, кімдер тоңып секірді?

Көрсетпестен жел қариды бетімді.

Шындығыңды күте-күте шаршаған

Батысымның «бастаңғысы» секілді.

 

Мейлі, тіпті билігіне бас ұрсын,

Айласын да, арбауын да асырсын.

Ауруды жасыруға болмайды

Атқан оқтың ақиқаты ашылсын!

«Абай-ақпарат»

Көтеріліс пе,

Қозғалыс па,

Қылмыс па?

Мен білмедім, білетінім тым қысқа.

Шаңырағы шайқатылып шындықтың,

Жаңаөзен жаурап жатыр бұл қыста.

 

Қажытты ма, қуыршақты «ғажаптар»,

Мезі етті ме, маймыл мінез - мазақтар.

Ояныңдар, ойланыңдар дегендей

Отпантаудан от тұтатты Қазақтар.

 

Мен білмеймін айла ма әлде арбау ма,

Біле алмадым жоқтау ма әлде зарлау ма?

Құлынынан айырылған сорлы Ана

Құдайын да, мұнайын да қарғауда.

 

Қайғысы мен қасіреті батпандай,

Бұл не деген қорқынышты шақ қандай.

Жаңаөзеннің жанарында мөлтілдеп,

«Желтоқсанның жаңғырығы» жатқандай.

 

Мен сенбеймін, сене алмайды жүрегім,

Бір шындық бар бұғып жатқан білемін.

Айыра алмай есерлік пен ерлікті

Ес жия алмай есеңгіреп тұр елім.

 

Кімдер тойып, кімдер тоңып секірді?

Көрсетпестен жел қариды бетімді.

Шындығыңды күте-күте шаршаған

Батысымның «бастаңғысы» секілді.

 

Мейлі, тіпті билігіне бас ұрсын,

Айласын да, арбауын да асырсын.

Ауруды жасыруға болмайды

Атқан оқтың ақиқаты ашылсын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352