Бейсенбі, 1 Қазан 2026
Жаңалықтар 4576 0 пікір 23 Желтоқсан, 2011 сағат 07:09

Абай Құнанбайұлы. Аңдығаны өз елі

Бай сейілді,

Бір бейілді

Елде жақсы қалмады.

Елдегі еркек,

Босқа селтек

Қағып, елін қармады.

Жөнді, жөнсіз,

Сөз теңеусіз,

Бас пен аяқ бір қысап.

Ұрысса орыс,

Елге болыс,

Үйден үрген итке ұсап.

Өзі ұлыққа

Кәдірі жоққа

Қарамай, өз халқына

Сөз қайырмай,

Жөнді айырмай,

Жұртқа шабар талпына.

Танымадық,

Жарымадық

Жақсыға бір іргелі.

Қолына алып,

Пәле салып,

Аңдығаны өз елі.

Шашты барын,

Берді малын

Боларында жұртына.

Еміренбес,

Енді піспес,

Ұқсамас еш сыртына.

Кетті бірлік,

Сөнді ерлік,

Енді кімге беттемек?

Елің  ала,

Отты шала,

Тайса аяғың, кім көмек?

Өтті өмірім,

Қайтты көңілім

Бұл дүниенің ісінен.

Жасы құрбы,

Жаны тұрғы,

Дос па деген кісіден.

Ел керексіп,

Сөзге емексіп,

Не болады мақтаның?

Бейілі шикі,

Ақылы күйкі,

Осы жұрт па тапқаның?!

Бай сейілді,

Бір бейілді

Елде жақсы қалмады.

Елдегі еркек,

Босқа селтек

Қағып, елін қармады.

Жөнді, жөнсіз,

Сөз теңеусіз,

Бас пен аяқ бір қысап.

Ұрысса орыс,

Елге болыс,

Үйден үрген итке ұсап.

Өзі ұлыққа

Кәдірі жоққа

Қарамай, өз халқына

Сөз қайырмай,

Жөнді айырмай,

Жұртқа шабар талпына.

Танымадық,

Жарымадық

Жақсыға бір іргелі.

Қолына алып,

Пәле салып,

Аңдығаны өз елі.

Шашты барын,

Берді малын

Боларында жұртына.

Еміренбес,

Енді піспес,

Ұқсамас еш сыртына.

Кетті бірлік,

Сөнді ерлік,

Енді кімге беттемек?

Елің  ала,

Отты шала,

Тайса аяғың, кім көмек?

Өтті өмірім,

Қайтты көңілім

Бұл дүниенің ісінен.

Жасы құрбы,

Жаны тұрғы,

Дос па деген кісіден.

Ел керексіп,

Сөзге емексіп,

Не болады мақтаның?

Бейілі шикі,

Ақылы күйкі,

Осы жұрт па тапқаның?!

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 156
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 114
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 107