Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3935 0 пікір 26 Желтоқсан, 2011 сағат 04:26

Жезқазғанда Сәкеннің жаңа ескерткіші бой көтерді

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Жезқазған қаласында қоғам қайраткері, үш бәйтеректің бірі  Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші жаңадан бой көтерді. 1994 жылы  қаланың ортасында қойылған Сәкеннің ескерткіші сынға ұшыраған болатын. Жезқазған қаласының әкімі,белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиұлы қаланы дамытудың 20 бағдарламасы аясында ескі ескерткіштің орынына ақынның нағыз бейнесін ашатын жаңа ескерткіш орнату идеясын ұсынған болатын. Енді, міне  Қала әкімінің басшылығымен осы ескерткішті жасау жайында алдымен қаламызда арнайы комиссия құрылып, Сәкен Сейфуллинге орнатылатын ескерткіштің ең үздік жобасына арналған республикалық ашық конкурс өткізудің тәртібі жарияланған болатын. Осы конкурста республикалық «ҚазАртСистем» ЖШС жеңімпаз атанды. Бұл ескерткіш  Астана қаласында жасалды. Идеяның авторы ҚР Мәдениет қайраткері, профессор, мүсінші -Бақытжан Әбішев. Ескерткіштің биіктігі -  7,5 метр. Материалы таза қоладан құйылды, тұғыры мәрмәр тастан. Тұғырының ені - 4 метр.

Автор Сәкен Сейфуллиннің  ақындық келбетін және басқа да қыр-сырын толыққанды аша білген. Ескерткіштің ауқымдық құрылымы мен физикалық өлшемдері Арқаның ауа-райына сәйкестіг жан-жақты қарастырылыпты. Ескерткіштің ашылу салтанатына алыс-жақынан елімізге белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері және ақынның туысқандары, қатысты.
Ескерткіш «Ғарышкерлер» бақ жолы, «Сарыарқа» мәдени-сауықтыру кешені алдына орналастырылды.

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343