Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4175 3 пікір 17 Қыркүйек, 2020 сағат 11:05

Ұлттық болмыс әрқашан дамудың кепілі бола бермейді

Кейде ұлттық болмыс қандай болса, нәтиже де сондай ма деп ойлаймын. Біз үшін өз болмысымыз мінсіз көрінеді, нәтижеміздің бұрыстығын байқағымыз келмейді. Болмысымызға қатысты сын айтсаң, жалған намысқа берілгендер адамның не айтқысы келгенін түсінуге тырыспай, бірден бас салып жағаңнан алады. Сол үшін мысалды өзімізден алмай, сырттан келтірейін.

Мен отызға жуық елді араладым. Таиландқа барсаңыз, көзіңізге алдымен түсетін нәрсе - сымдар. Олар жан-жағыңызда өте көп. Мәселен, бізде бір бағанадан екінші бағанаға ары барса бірнеше электр сымы тартылса, тайларда ондаған, тіпті жүздеген сымдардың орамы төбеңде ілініп тұрады. Көзге сондай сүйкімсіз көрінеді. Оларда бұл нәтиже қайдан болды?

Тай халқының ұлттық болмысында "сабай" деген дәстүр бар. Біздің тілге аударсақ, "жизнь без напряга" дегенді білдіреді. Таилар миын ашытып, жанын қинағанды ұнатпайды. Мәселен, делік, бір сым үзілсе, не ол ескіріп ауыстыру керек болса, олар оны іздеп не жамап-жалғап басын қатырмайды, алады да үстінен жаңа сымды жалғап кете береді. Ескі сымдар сол күйі қалады. Сөйтіп қалыңдығы құшаққа сыймайтын орамдар пайда болады. Сіздіңше бұл дұрыс нәтиже ме?

Ал енді тайлардың көршілері малайларға барсаңыз, көшеде бір сым көрмейсіз. Өйткені олар сымның бәрін жердің астымен өткізеді. Малайзия бұл тұрғысынан алғанда - фотографтың жұмағы, өйткені олар қаланың суреттерінен сымдарды фотошоппен өшіріп отырмайды.

Малай халқының ұлттық болмысы тәртіпке, ұқыптылыққа жақын. Британияның боданы болған ел олардың болмысының осы қырларын көшірсе керек. Көрші елдер болса да, болмысы екі түрлі. Қарапайым мысалдан екеуінің нәтижесі екі бөлек екенін көреміз.

Болмысын сынағаны үшін адамды намыссыз санап, патриот не ұлтшыл емес деп айтуға болмайды. Және ұлттық болмысты тек дәстүрге байлап, ол болмаса адам патриот бола алмайды деп ойлау да дұрыс емес. Бұлай тек онша ақылды емес адам ғана айта алады.

Ұлттық болмыс әрқашан дамудың кепілі бола бермейді, керісінше, кейбір жағдайда тежегіш болуы да мүмкін.

Сабай біздің дәстүр болғанда, оның бұрыс нәтижесін көргіміз келмей, керісінше, ақтаушы едік, солай ғой?

Немістер, мысалы, өте ұлтшыл, өте патриот халық. Өздерін құрметтеулері де бекер емес. Бүкіл әлемге сапалы тауарымен, автокөліктерімен, химия өндірісімен, тақтайдай жолдарымен, пунктуалдығымен танымал. Осының бәрі дәстүрден бөлек олардың патриоттық сезімін, ұлтшылдығын қоректендіріп тұр. Ұлттық болмысындағы дұрыс қасиеттер дұрыс нәтиже беріп келеді.

Біз де өзімізді ұлтшыл санаймыз. Бірақ оны не қоректендіреді? Отыз жыл бойы дәстүр мен баба жолы туралы ғана естідік. Бұдан басқа ауыз толтырып айтатын ештеңені естімедік. Нәтижесін де дұрыс деп айтуға келмейді: азайған коррупция, сапасы артқан білімді байқамадық. Демек, ұлттық болмысты қоректендіру үшін дәстүр жеткіліксіз. Басқа да көп компонент керек. Сіз нені атап өтер едіңіз?

Бақытжан Бұқарбайдың жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504