«Ақ жол» - Таразда
25 желтоқсанда партия төрағасының орынбасары Б.Нұрмұхамедов, Мәжіліс депутаттығына үміткерлер А.Евниев, А.Әбілдаев, Б.Момышев бастаған «АҚ ЖОЛ» ҚДП үгіт-насихаттық тобы Тараз қаласында сайлауалды іс-шаралар өткізді.
«Сайлауалды тұғырнама бойынша тұрғындардың жалақысын көтеру, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты жою, тұрғындардың медициналық көмек алуы басты қағидалар болып табылады. «АҚ ЖОЛ», сондай-ақ, білім беру сапасын көтеру, Қазақстанда бәсекелестікке қабілетті, нарықтық экономика құруды көздейді»,- деді Б.Нұрмұхамедов.
Ауыл шаруашылығы мен ауылдық елдімекендерді дамыту, рухани тұрғыдан жетілу мен тарихи дәстүрлерді жаңғырту мәселесін «Казгранит» корпорациясының президенті А.Әбілдаев қозғады.

«Отандық тауар өндірушілерді қорғау» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде отандық бизнесті қолдау мәселелері сөз болды. «Жетісу» ӘКК төрағасының орынбасары А.Евниев атап өткендей: «Сарапшылардың айтуынша, жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындардың үш жылдың ішінде 10 пайызы ғана қалады, қалған 90 пайызы бәсекелестік пен жемқорлық қысымын көтере алмай жабылады». Осы ретте «АҚ ЖОЛ» партиясы Үкімет пен Парламенттің алдына шағын және орта бизнесті қолдау мәселесін қойып отыр. Соның ішінде, кәсіпорын құрылғаннан бастап 3 жыл ішінде салықтан босату, салықтық әкімшілік пен есептік іс-қимылды жеңілдету, ҚР Қылмыстық кодексінен жалған кәсіпкерлік бабын алып тастау, ауыл шаруашылығы мен агроөндірістік кешенге қатысты жеңілдіктер мәселесін қозғады.
«АҚ ЖОЛ» партиясы аталған шаралар экономиканың барлық саласында жаңа кәсіпорындар ашуға, кәсіпкерлікті дамыту мен тұрғындарды осы саладағы жұмыстарға кеңінен тартуға мүмкіндік береді деп санайды.
Тараз қаласы
2011 жылғы 25 желтоқсан