Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3034 0 пікір 26 Желтоқсан, 2011 сағат 10:43

Ұлы Абайдың елі «АҚ ЖОЛДЫ» қолдап отыр

«АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы қасиетті Семей жерінде.

20 желтоқсан күні Семейде «АҚ ЖОЛ» партиясының кезекті сайлауалды кездесулері өтті. «АҚ ЖОЛ» партиясы өзінің Сайлауалды тұғырнамасында «Бизнесті қорғау - елді гүлдендірудің негізі» деп мәлімдеген болатын. Семейде осы шара аясында «Отандық тауар өндірушілерді қолдау» атты дөңгелек үстел өтті.

Сондай-ақ, Партия төрағасы Азат Перуашев бастаған «ақжолдықтар» Семей өңірінің сайлаушыларымен кездесті.

«АҚ ЖОЛ» партиясы отандық тауар өндірушілерді қолдау, олардың қызметіне лайықты жағдай жасау отандық кәсіпорындардың бәсекелестігін арттыруға,  дамуына жол ашады деп санайды.

Азат Перуашев отандық кәсіпкерлерді жемқорлықтан, әкімшіл-төрешіл шенеуніктерден қорғау жайында, оларға мейлінше салықтық жеңілдіктер жасау туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілердің мәселелері туралы «Атамекен» ҰЭП төрағасының бірінші орынбасары Екатерина Никитинская, Сауда кәсіпорындары ассоциациясының вице-президенті Жібек Тәжібаевалар сөз сөйледі.

«Біз шағын және орта бизнесті құрылғаннан бастап үш жыл мерзімге қосымша құн салығынан, корпоративті кіріс салығынан босатуды ұсынамыз. Өйткені, үш жылда кәсіпорындардың аяғынан тұрып кетуі қиын.  Салықтық әкімгершілік пен есепті жеңілдетіп, егер салықтық есеп мемлекетке зиян шектірмесе, жеке кәсіпкерлерге салықтық есеп бойынша айып салуды алып тастау қажет. Салықтық есеп бойынша айыптау мерзімін қысқартып, ҚР Қылмыстық кодексінен жалған кәсіпкерлік туралы бапты да алып тастау керек.  Онсыз бизнес орта тап ретінде дами алмайды», - деді Азат Перуашев.

«АҚ ЖОЛ» кәсіпкерлікті дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың жұмсалу тиімділігін арттыру үшін жеке бизнесті қолдайтын ұлттық институттарға парламенттік бақылау енгізуді ұсынады», - деді, өз кезегінде Жібек Әжібаева.

Осы тақырыптағы басқа мәселелер де ашық талқыланды. «Ақжолдықтар» ішкі нарықта отандық өндірушілерге басымдық беруді ұсынды. Шетелдік компаниялардың әділетсіз бәсекесін тоқтатып, Кедендік Одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік аясында қазақстандық өнімдерге қолдау көрсетілуі қажет деп санайды.

Жиын барысында сөз алған семейліктер «АҚ ЖОЛ» партиясын қолдап, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

А.Өркенбаев

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341