Серік Ерғали. Жаңа жыл қайдан шыққан мереке?
«Кәрі құдамыз» қыспен бірге «жаңа жыл» да келіп қалды, «тойысты» Жылсанақ та жақындап әбігер қылуда. «Әкеміздің тойы» былай қалып, Тәуелсіздігіміздің мерекесі қалқасында қалатындай бұл қандай мейрам деушілер де көбейді. Бірақ оған жауап та жоқ болып тұр. Осы мәселеге аз да болса өз пайымымызды қосып, жауап іздеуді жөн көрдік.
Әдетте кәзіргі жаңа жыл Григориан күнтізбесінің салтанат құруымен ғана емес, оның барлық атрибуттары мен жоралғылары «Рождество» аталып жүрген христиандық мерекеден бастау алып жүргені рас. Алайда, Иса пайғамбар туылған соң кемінде 4 ғасыр өткесін ес жыйған Ебропа католик дінін 5-ғасырда ғана қалыптастырып, Рим империясының бас діні еткені, соның негізінде бас идеологиясы қалыптасқанын еске ала бермейміз. Сонда бұған дейін Рим империясының, яғни бүгінгі әлем өркениетінің ошағы саналатын Ебропа ай қарап отырғаны ма? Әрине, бұған жауап беру үшін сол замандардың тарихи-саяси тақырыбын қаузауға арандап кетерміз, оның бізге бұл жолы керегі жоқ.
«Кәрі құдамыз» қыспен бірге «жаңа жыл» да келіп қалды, «тойысты» Жылсанақ та жақындап әбігер қылуда. «Әкеміздің тойы» былай қалып, Тәуелсіздігіміздің мерекесі қалқасында қалатындай бұл қандай мейрам деушілер де көбейді. Бірақ оған жауап та жоқ болып тұр. Осы мәселеге аз да болса өз пайымымызды қосып, жауап іздеуді жөн көрдік.
Әдетте кәзіргі жаңа жыл Григориан күнтізбесінің салтанат құруымен ғана емес, оның барлық атрибуттары мен жоралғылары «Рождество» аталып жүрген христиандық мерекеден бастау алып жүргені рас. Алайда, Иса пайғамбар туылған соң кемінде 4 ғасыр өткесін ес жыйған Ебропа католик дінін 5-ғасырда ғана қалыптастырып, Рим империясының бас діні еткені, соның негізінде бас идеологиясы қалыптасқанын еске ала бермейміз. Сонда бұған дейін Рим империясының, яғни бүгінгі әлем өркениетінің ошағы саналатын Ебропа ай қарап отырғаны ма? Әрине, бұған жауап беру үшін сол замандардың тарихи-саяси тақырыбын қаузауға арандап кетерміз, оның бізге бұл жолы керегі жоқ.
Алайда, дін ешуақытта саясаттан тыс емес, соның тарихи нәтижесі есебінде орнығатынын бәрібір жоққа шығара алмаймыз. Жарайды, ол жағына барыспайық, сонымен Ебропа Иса пайғамбардың туылған күнін неге бірнеше ғасырдан соң естеріне түсіріп, оны ұлы мереке еткен? Мәселе бірнеше ғасырға созылған көшеген азиялықтардың Ұлы көшкінінің белгілі бір арнаға түсіп, алдыңғы көшкін жұрттың ебропалықтар ретінде қалыптаса бастауынан болса керек. Бұл - кәзір жабық тақырып, ресми тарих оған бара қоймауда, ал Мұрад Аджи секілді еркін тарихшылар өз әлдерінше қаузап жүрген жайы бар. Бірақ ресми тарих оған мойын бұрмағасын «айттың не, айтпадың не? дегендей ахуал орныққан.
Жә, сонымен «рождествоға» келейік, бұл ұғым қайдан шыққан? Иса пайғамбардың туған күні шынымен де 25 желтоқсан ба? Ол үшін Г.Н.Потаниннің Моңғолияда жүріп, 1879 жылы Н.М.Ядринцевке жазған хатына иек артайық:
«Джинками у алтайцев называются домашние животные, посвященные богу. Такие же животные у других сибирских и татарских народов называются итыг (атыг-медведь), ипрых (еурух-волк). Таким образом, сын неба, страстотерпец назывался, можно сказать, Итыгом, Ипрыхом и у якутов Изыхом... Отсюда - легенда, о гонимом страстотерпце Георгии Храбром (в болгарском произношении Геерги), воскресшем после трех дней (легенда, сходная с Христом). Поэтому теперь я более, чем прежде, склонен думать, что христианство получило начало в Южной Сибири у финских племен, что несторианство - найманское, которые называют Христа - Ерке (именем, близким е Джерку и к именам предков и поколений в Азии в роде Джерке, Ерке) есть не секта, занесенная с запада, а начало христианства...»
(Г.Н.Потанин хаты, т.3)
Бұл үзіндіден біріншіден, шын мәнінде, христиан дінінің негізі қайда жатқанын шамалаймыз. Бұл күмән - сенетіндер үшін күдік емес, ал жасанды тарих пен қитұрқы саясаттың шырмауында қалғандар үшін үлкен даудың басы болып табылады. Көп нәрсеге бас қатырмай-ақ, қазақтың сәбиді еркіне жіберіп, сүйікті қылығынан ләззат алу үдерісі бір ғана «ерке» сөзіне неге сыйып тұратыны осындайда амалсыз еске түседі.Алайда, бір сөзге бір тарихты сыйғызу ғылыми дарақылық болар. Оның үстіне бұл - тарихтың бірнеше қабатын сылып, зерделеуге мәжбүрлейтін мәселе. Десек те, көңілімізді сан саққа жорытатын аталмыш аңдатпа негізінен алтайлықтарға - түркілер мен маңғолдарға тиесілі құндылық болғаны сөзсіз.
Алайда, мына «о гонимом страстотерпце Георгии Храбром (в болгарском произношении Геерги), воскресшем после трех дней (легенда, сходная с Христом)» деген сөйлем көп нәрсені аңғартады: бүгінгі діни идеологияға келтірсек, Өжет Еркенің (Георгий Храбрыйды қазақы қабылдасақ), «құмарға төзімді» - нәпсіге берілмейтіндігін аңдаймыз. Ал, енді үш күннен кейін қайта туылатыны несі? Дұрыс! Жыл сайын 21 желтоқсанның 22-не қараған түні ең ұзақ түн өтіп, сол күні Күндіз барынша қысқарады, демек бір жыл бұрынғы туылған Күн бір жыл жасап «өледі». Себебі, Күн жандыға тән барлық ғұмырлық үдерісті бастан кешеді: қыс бойы сәбилік шақтан өтіп барып, көктемде Түнмен теңеседі, одан ары «бойы» ұзара келіп, маусымның 21-нен 22-не қарағанда ең «ұзын» Күндіз (ең қысқа түн) өтеді де, 22-қыркүйекте Түнмен тағы теңесіп, арбасады; одан әрі Күн «қартаюға» бет бұрады - «Мизам шуақ» (орыстардың «бабье лето» дейтіні) қазақша «кемпір шуақ» ретінде ұғылып, Күн жыл бойғы шуағының соңғы қызуын беріп үлгеруге мұрсат алады. Ақыры біржылдық Күн-ерке өзінің бір ғұмырын 22-желтоқсанға қарай аяқтайды.
Күнді ата-бабамыз жанды жаратындыға теңеген, тіпті, оны нәпсіқұмар пендеден де жоғары қойған, өйткені, ол адам секілді түрлі нәпсіге тәуелді емес - ұйықтамайды, ішпейді-жемейді, бірақ өзінің жарқын нұрын әлемге сеуіп тірлігін жалғастыра береді. Ендеше ондай құдыретке табынбағанда қайтесің?! Алайда, ол ылғи да қуғын көреді - оны өкшелеп Түнек те ғұмыр кешеді. Үш күннен соң кәзіргі күнтізбе бойынша 25-желтоқсанда Күн-Ерке қайта туылады! Бұл - түркі-маңғолдар таныған Ұлы Туылыс болатын.
Тарихшы Мұрад Аджидың («Кипчаки» кітабы, «Праздник ели») дәйегі бойынша: «Праздник ели наступал в самый разгар зимы - 25 декабря. Тогда день побеждал ночь. И солнце чуть дольше прежнего оставалось над землей. Люди молились Ульгеню, благодарили его за возвращенное солнце. А чтобы молитва была услышана, украшали ель - любимое дерево Ульгеня. Ее приносили в дом, к ветвям привязывали яркие ленточки, рядом складывали подарки.
Всю ночь веселились по случаю победы солнца над тьмой. Всю ночь приговаривали: «Корачун, Корачун». Праздник так и назывался Корачун - на древнетюркском языке это слово означало «пусть убывает» (құрысын - С.Е.)...» деп сол танымды жаңғырта жазғаны белгілі.
Міне, осы тарихи дәйек бүгінгі еброжаңажылдық рәсімді ғана емес, пайғамбарлардың «туылған күнін» белгілеуге де қатысып бүкіладамзаттық мерекенің негізі болды. Тіпті, мәселе олардың Күнмен бірге туылуға міндетті болғандығында болса керек, себебі, түркілер барлық қадыр-қасиетті Жерге өмір сыйлап тұрған Күнмен шендестіруді дәстүрге айналдырған болатын. Сондықтан аталмыш күнді басқа жұрттар пайғамбар үшін ұрлап алды деуден гөрі, сол ежелгі пәк әфсананы қайта жаңғыртып, тархи тұлғаларды, пайғамбарды қасиеттеп отыруға түркілердің өздері осылайша тікелей кіріскен деген абзал. Себебі, түркілер адамның туылған күнін емес, әлгі таным арқылы ғаламның туған күнін мерекелеумен бар мәселені бірден шешкен! Оның үстіне түркілер жер бетіндегі сенім атаулыны қалыптастыруға келгенде белсенді болғаны рас-ты.
Аталмыш мерекенің идеологиялық негізі ғана емес, барлық атрибуттары мен жоралғылары да сол күйінде адамзатқа жұғысқан. Поляктардың бұрынғы түркілік жұртпен араластығы болғандықтан, олар әлі де Қызыл жұмыртқа күнін осы күні атап өтеді. Түркілер ұғымында жұмыртқа жасару мен түлеудің, молаюдың нышаны болып табылады. Түркітекті шұбаш жұртында «Нартукан» (нартаван) деген мереке 25 желтоқсанда басталып, бір аптаға созылады. Бұл мереке атауындағы «нарт» сөзі қазақта да бар, бұл жас күннің ежелгі атауы болуы ықтимал. Екі беті қызарған адамды қазақтар «екі беті нарттай» дейді. Тіпті, Наурыздағы, осы күнгі жаңа жыл мерекесіндегі қызыл телпек кию дәстүрінің басы осы Нар туған күнде жатыр деуге болады. Бұған қоса, қазақта жаңа туған төлді, баланы «қызыл шақа» немесе «шақалақ» деп бейнелейтіні бар. Осындағы «шақа» сөзінің түбірі «шақ» күйінде әлі күнге уақыттың бөлшегін білдіреді.
Ал, бүгінгі Жылсанақ күніне орай тігілетін шыршаны орыстар «йолка» дегенімен, оның мәні түркілердің «жол» ұғымын беретін «йол» сөзінде жатқаны айқын. Жолдың мәні - үш сөрелі әлемді көктей өткен мифологиялық Бәйтерек: жоғарғы әлем - әруақтар мен әулиелер тұратын аспан әлемі, ортаңғы әлем - жерүстілік тірлік әлемі, астыңғысы - жерастылық әлем. Көк әлемінде адамдар белбеуін мойнына, ортаңғы әлемде беліне, астыңғы әлемде аяғына тағынады деген пайым бар. Міне, Бәйтерек осы әлемдерді жалғап тұрған Жол ретінде ұғылады. Осы жолға алуан түрлі құрбандық беру(жеміс-жидек, тағамдар, нәрселер) арқылы осы Ұлы өмір ағашын риза етіп, ата-бабамыз үш әлеммен үйлесімді қамтыған! Және үйлесім жоралғысын жасайтын күнді де Уақыттың жігі ретінде дәл тапқан! Бұл - Ұлы Туылыс күні болатын.
Шамасы, о бастағы ұлы ғаламның құрметіне Күн-сәбидің туылу күнінің пайғамбар туылған күнге айналуы адамзат ұғымының тарылып, мүдденің жалпыдан жекеге, ғаламдық ауқымнан жербетілік деңгейге бет бұрып, адам пенденің нәпсіқұмарлық пен менмендік жайлаған сезімін ғана әйгілейтін нышанға айналған секілді. Кең заманда түркілердің кеңпейілімен бар танымы мен мерекесін әлемге сыйлағанын бүгінде ешкім де елер емес...
«Абай-ақпарат»