Сенбі, 23 Қараша 2024
5338 1 пікір 23 Қыркүйек, 2020 сағат 12:58

Қазақстан Ресейдің шағымына жауап берді

Ресей Қазақстаннан жеткізілетін түсті сынықтардың тоқтатылғанына байланысты ЕАЭО-ға шағымданды. Ал, бүгін аталған жайтқа қатысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі түсінік берді. 

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қазақстан жаздың соңында қолданыстағы келісімшарттарға қарамастан, Ресейге түсті сынықтарды жеткізуден бас тартқан. Ал, Қазақстан басқа елдерге дайын өнімнің экспортын тоқтатпаған. Сондықтан да Ресей ЕАЭО-ға шағым түсірді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі ЕАЭО тауарлар номенклатурасы бойынша Қазақстан аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салу сыртқы сауда кодекстеріне сәйкес екі жыл мерзімге белгіленгенін түсіндірді. Тыйым Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің, Ұлттық экономика министрінің және Қаржы министрінің бірлескен бұйрығымен реттеледі.

«Бірлескен бұйрық» Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы «заңға сәйкес қабылданды, ол мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне негіздеме береді және Келісімнің талаптарына қайшы келмейді. Бұл жұмыс отандық металлургия кәсіпорындарын шикізатпен толтыру және ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Бірлескен бұйрық қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарының экспортын экспортқа қолданылатын көлік түріне қатысты шектейді, яғни экспортқа тек автомобильмен тыйым салынады», - деді ИжИДМ баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

Оның айтуынша, ЕАЭО Шартының 29-бабы 1-тармағына сәйкес тауарлардың өзара саудасына қатысушы мемлекеттер мұндай шектеулерді қажет болған жағдайда қолдануға құқылы.

Министрлік басқа тыйымдарды енгізген жоқ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407