Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3542 0 пікір 29 Желтоқсан, 2011 сағат 06:12

Ұларбек Дәлейұлы. Жаңаөзендік құрбандар ескерткішіне

Тым ауыр ғой еске алу...

Қабірлерді үлгіргенше бүркеп қар,

Аяздарға ұрынғанша үрпек тал.

Ей, зымиян саясаты бұл елдің,

Ең соңғы рет қанжарыңды сілтеп қал!

 

Мен ояумын!

Ояу менің айбатым,

Мендік рух бұл Қазаққа жайды отын.

Сенен бездік!

Сергелдеңге түскен жұрт,

Кімге барып айтар енді қай датын?!

 

Бұл топырақ жасымды ішті, қан емді,

Қанмен бірге қайран Қазақ зар емді.

Мен әлдилеп мынау бейғам әлемді -

Жер түбінен алам мүмкін зәреңді.

Бізден сенім,

Ал, сендерден ар өлді.

Желтоқсанда желмен ұшқан жапырақтай,

Табандарда қал, енді!

 

Қан мен жастың қызуына жылынған,

Сәске түсте шайтандай мың құбылған.

Алла алдында ақ антынан айныған,

Бір сұмдықты сезгем сенің сұрыңнан.

...Рухым бар даламенен жүлгелес,

Авторитарлық жүйеден суынған.

 

Ауыр сынақ кішіге һәм ұлыға,

Байтақ дала жыр қосады жырыма.

Иісі Қазақ төбесіне көтерер,

«Құлданба!» - деп ұран жаздым туыма.

Және мынау ұлы ЕРКІНДІК күресін,

Аманаттап кеттім мұңлық ұлыма...

 

Солар құрар Күлтөбеде кеңесті,

(Ғұннан жеткен үмітім бұл ең ескі...)

Үш жүз жылдық құлдықтан бұл - ояну,

Сен айтқандай «Ел бүлігі» емес-ті.

Тым ауыр ғой еске алу...

Қабірлерді үлгіргенше бүркеп қар,

Аяздарға ұрынғанша үрпек тал.

Ей, зымиян саясаты бұл елдің,

Ең соңғы рет қанжарыңды сілтеп қал!

 

Мен ояумын!

Ояу менің айбатым,

Мендік рух бұл Қазаққа жайды отын.

Сенен бездік!

Сергелдеңге түскен жұрт,

Кімге барып айтар енді қай датын?!

 

Бұл топырақ жасымды ішті, қан емді,

Қанмен бірге қайран Қазақ зар емді.

Мен әлдилеп мынау бейғам әлемді -

Жер түбінен алам мүмкін зәреңді.

Бізден сенім,

Ал, сендерден ар өлді.

Желтоқсанда желмен ұшқан жапырақтай,

Табандарда қал, енді!

 

Қан мен жастың қызуына жылынған,

Сәске түсте шайтандай мың құбылған.

Алла алдында ақ антынан айныған,

Бір сұмдықты сезгем сенің сұрыңнан.

...Рухым бар даламенен жүлгелес,

Авторитарлық жүйеден суынған.

 

Ауыр сынақ кішіге һәм ұлыға,

Байтақ дала жыр қосады жырыма.

Иісі Қазақ төбесіне көтерер,

«Құлданба!» - деп ұран жаздым туыма.

Және мынау ұлы ЕРКІНДІК күресін,

Аманаттап кеттім мұңлық ұлыма...

 

Солар құрар Күлтөбеде кеңесті,

(Ғұннан жеткен үмітім бұл ең ескі...)

Үш жүз жылдық құлдықтан бұл - ояну,

Сен айтқандай «Ел бүлігі» емес-ті.

 

Халық терін қара нан ғып илеген,

Күл боп кеткір күйеу қамын күйлеп ең...

Қақ жарылып жатыр міне, жүрегім,

Өз бауырым атқан оқтан түйреген.

 

Жарығымен сүйер бізді күн алғы,

Тарих өзі сейілтеді тұманды.

Қайғылы елге жауып кеткің келе ме,

Каспий жуып тазарта алмас күнәңді.

 

Тым ауыр ғой еске алу...

Бір Аллаға налып айтқан жан мұңын,

Қазақ үшін бұл ауыр күн,

Қанды күн!

Қабірімде мың гүл болып көктейді,

Шаршы алаңда оқ жалмаған тағдырым.

 

Оу, Он алтыншы желтоқсан!

Жел ысқырған алаңда,

Оқ ысқырған алаңда,

Жыртқыш қолдар ел жүрегін суырды,

Жыртқыш қолдар таптады оны табанда.

Жетпес әсте бір адамның ғұмыры,

Көзден аққан тамшыларды санауға.

...Мұртын сипап күліп жатты біреулер,

Қазақ жұртын тастап қойып талауға.

 

Қанша қыршын ғұмырларды жалмады оқ,

Оқ атты да тірелді өзі жарға кеп.

Сол дүбірде менен аққан қызыл қан,

Тарихыңа басылды енді таңба боп!

 

Жоғалады бұл күндердің құлдығы,

Ашылады сатқындықтың шындығы,

Оң бетінен ашылады және де,

Ақорданың тас бүркенген түндігі.

...Қазақ тіккен сол Орданың алдында,

Ескерткіш боп ораламын бір күні!..

 

Кейіме елім,

Рухым тірі, тән өлді,

Намысым бұл!

Дүбірлеткен әлемді.

Ей, антұрған, қасиетсіз қандестер,

Біздік жігер тек ерлікке тәуелді.

Желтоқсанда желмен ұшқан жапырақтай,

Табандарда қал, енді!

 

Тым ауыр ғой еске алу...

«Абай-ақпарат»

0 пікір