Дүйсенбі, 19 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4127 0 пікір 5 Қаңтар, 2012 сағат 04:24

Ербол Алшынбай. Бақұлдасу

(Жаңаөзендегі шейт болған бауырларымның рухына)

Қаба бір соққан дауылдай,

Қарайған жұрттың ашуы.

Астында тағын тулатты келіп  жайындай,

Талансыз ханның тар дүниеге симас тақымы.

 

Өзеннің бойын өрт алды,

Өшіре алмас борбас құм.

Халқына хан айдап салған қалқанды,

Жасақпен жарақсыз барып жандастым.

 

Бұл істің беті тым қатты,

Қолдағай өзі ақты Аллам!

Қара қазақты қара шыбындай жусатты,

Ажалдың оғын сеуіп оқпаннан.

 

Сахардай болып қайнаған,

Көзімнің алды күрең қан.

Оқ тескен етін шайнаған,

Мен-дағы жаралы болған құба арлан.

 

Жасырам қалай жарамды,

Жақыным жаудай болғасын.

Кеудеме  тікендей болып қадалды,

Қой құмалағындай қорғасын.

 

Бізбенен кеткей бұлағай,

Алашым Алла қорғаның.

Ажалды қойшы, Құдай-ай,

Еңкеймей ер боп өлсем болғаны.

 

Беймезгіл ұшты қолымнан,

Ұя салған кеудемдегі көгершін.

Ертеңгі туған  оғылан,

Кегімді кімнен алам десе, не дерсің?

«Абай-ақпарат»

(Жаңаөзендегі шейт болған бауырларымның рухына)

Қаба бір соққан дауылдай,

Қарайған жұрттың ашуы.

Астында тағын тулатты келіп  жайындай,

Талансыз ханның тар дүниеге симас тақымы.

 

Өзеннің бойын өрт алды,

Өшіре алмас борбас құм.

Халқына хан айдап салған қалқанды,

Жасақпен жарақсыз барып жандастым.

 

Бұл істің беті тым қатты,

Қолдағай өзі ақты Аллам!

Қара қазақты қара шыбындай жусатты,

Ажалдың оғын сеуіп оқпаннан.

 

Сахардай болып қайнаған,

Көзімнің алды күрең қан.

Оқ тескен етін шайнаған,

Мен-дағы жаралы болған құба арлан.

 

Жасырам қалай жарамды,

Жақыным жаудай болғасын.

Кеудеме  тікендей болып қадалды,

Қой құмалағындай қорғасын.

 

Бізбенен кеткей бұлағай,

Алашым Алла қорғаның.

Ажалды қойшы, Құдай-ай,

Еңкеймей ер боп өлсем болғаны.

 

Беймезгіл ұшты қолымнан,

Ұя салған кеудемдегі көгершін.

Ертеңгі туған  оғылан,

Кегімді кімнен алам десе, не дерсің?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2721
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4463