Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3009 0 пікір 9 Қаңтар, 2012 сағат 04:59

Социал-демократтар «Ақ Жолға» келіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында ЖСДП-ның 30 мүшесі аталған ұйымнан шығып, «Ақ жолға» кіруге ниет білдіруде.

Өскеменде Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері аталған ұйымнан шығу туралы ресми мәлімдеме жасады. Енді партияның бұрынғы 30 мүшесі Партия басшылығының саясатына қарсы шығып,  «ЖСДП-ға мүше болудың келешегі жоқ»,- деп отыр. .

Партияның төрт мүшесі - Вячеслав Смирнов, Айжан Садвакасова, Олеся Реймер мен Дамир Бакиров - «ұйымның  келешегі жоқ және жігерсіз, дәлірек айтсақ ұйым анық құрылым мен механизмсіз, нақты істерсіз аморфтық құрылым» деп мәлім етті.

«Қазір біздер Шығыс Қазақстан облысында ғана емес,  жалпы елімізде партия тарапынан істелген бірде-бір нақты істі еске түсіре алмаймыз. Оның орнына есімізге еліміздегі оқиғаларды анықтайтын шексіз декларациялар мен ұрандар түседі. Өкінішке орай, партия сөзден ары аспады.  ЖСДП басшылығы тек көптеген бағдарламаларға ғана ынта қойды.   Саяси ұйымның басшылығында пайдасыз   даулар жалғасып келеді. Саяси олимпте  олар өздерінің аймақтық филиалдарын ұмытып кетті, халық үшін нақты істерге қол жеткізу жұмысын шетке қалдырды.  Соның салдарынан халық арасында ЖСДП-ның  беделі мен саяси ықпалының жоқтығын байқауға болады.  Бұған біз немқұрайдылықпен қарай алмаймыз», - дейді ЖСДП-нің қатарынан шыққан  білім беру саласының қызметкері Вячеслав Смирнов.

ЖСДП-дан шыққандар  «Ақ жол» ҚДП қатарына кіру туралы ниеттерін білдірді. Олар:  «Осы партия билік партиясына қарсы пікір білдіріп жүр. Бірақ партия қоғамды бөлуге емес, қайта нақты жетістіктерге жету мақсатында барлық белсенді азаматтарды біріктіруде», - дейді.

«Ақ Жолға» бет алған бұрынғы социал-демократтар  «Бүгінгі таңда  мемлекет алдында барша қоғам мен әрбір қазақстандықтың мүддесін қорғайтын күттірмейтін міндеттер тұр. Құр ұранмен,  бос декларациялармен,  албаты сынмен  ЖСДП өкілдері  нақты нәтижеге қол жеткізе алмайды, ал, бізге  нақты істер мен еліміздегі әлеуметтік ахуалдың әлеуеттене түскені қажет» деседі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572