Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3024 0 пікір 9 Қаңтар, 2012 сағат 05:37

Нұрлыбай Қошаманұлы. Маңғыстау дәрігерлеріне хат

Құрметті дәрігер әріптестерім, 16-17 желтоқсанда «Жаңаөзен қырғыны» кезінде қаза болғандардың шынайы санағы төңірегінде түрлі әңгімелер туындауда. Жоғары билік пен жергілікті өкімет өлгендердің санын жасыруда. Шындықтың бетін жасыру үшін Cіздерге де, әрине,  түрлі қысым жасалып жатқан шығар. Оны сезіп отырмыз. Мен, осы жолдардың авторы Нұрлыбай Қошаманұлы,  Маңғыстау дәрігерлерін  халықтан ештеңені жасырмай,  ақиқатты жария етуге шақырамын! Кезеңнің жауапкершілігін мойнымызға артпайық. Біздерге өткен тарихымыздың азалы беттері сабақ болуы тиіс. Отызыншы жылдардың өлшеусіз опат әкелген қатыгездігінен «Жаңаөзен қырғынының» несі кем?! Тағы да билік шоқпары асыра сілтенді. Тағы да әділдік сұрап, өз құқықтарын қорғаймын деген жазықсыз жандар жазалаушының жан түршігерлік диірмен тасының үгуіне түсті. Қан төгілді, тым көп төгілді.

Түсінген адамға бір-бір үйдің арысы, көз нұры болған көңіл қуанышы -- баласы, үміттенген қарасының қазасын жасырып, жалтақтағаннан асқан сатқындық, қорлық бар ма? Көз жастарын көл етіп арыстарын жоқтаған кешегі аналардың үндері құйқаңды шымырлатып, жүректі ауыртты. Бұл қырғын қаншама отбасының сағын сындырып, сабасының қорын сарқып, бақытын қайтарды. Соншама қыршын ғұмырдың тағдырына кім жауап береді? Сұраушысы жоқтай мал емес қой олар. Ендеше, қандықол жүйенің жетегінде кетпей ақиқатты ашуға көмектесейік.

Дәрігер бауырларым, бір адамның ренішіне қалуға болар, бірақ бүкіл халықтық наласына ұшырау -- ауыр күнә. Әзәзілдей азғырып, бір-бірімізді аңдытып, өз халқын "өзгеге құл" етіп, "сыбайластықпен" былғанған бұл жүйеден үміт аз. «Ақ халатты абзал жандар» деген халық берген ізгі істеріңе көлеңке түсірмеңіздер. Адам соты емес, «АР» сотының алдында жүзіміз жарық болсын. Бауыржан бабамыз айтқандай: «Ар» - айналамыздағы жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті айыратын адамгершілік ұғым». Адамгершілігімізге көлеңке түсірмей қылмысты жасыруға емес, ашуға көмектесейік. Адамнан емес, АЛЛАдан қорқайық.

"Тәуелсіз комиссия" мүшелері басқа да қоғамдық ұйым өкілдері жарақаттанғандар мен қаза болғандардың нақты санын тек қана дәрігерлерден сұрап, білуі керек. Себебі, оқтан қаза болғандардың "ауру тарихын" (история болезни) бұрмалап жазу мүмкін емес. Дұрыстап сөйлесе білсек дәрігерлер шындықты айтады. Дәрігерлер бойдағы үрейді жеңіп, тек қана шындықты ашуға көмектеседі деп үміттенемін.

Бүгінде Жаңаөзен халқы азалы. Олар қаза шығарып жатыр. Әрбір қазаның астында тұншыққан үндер кетті. Ол үндердің тірілер құлағына шалынбай жер қойнауында іздеушісі жоқтай жата беруі мүмкін емес. Шындық бүгінгі жүйенің шынайы бет-пердесін ашуға, оларың іс-әрекетіне тарих алдында бүгінгі күн тұрғысынан баға беру үшін қажет. Халқымыздың басына түскен осы бір қиын кезеңде  еріне пана болар бұқара көптің жағында болайық ...

Дәрігер Нұрлыбай Қошаманұлы,

Ақтөбе қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562