Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2845 0 пікір 9 Қаңтар, 2012 сағат 09:47

«Ақ жолды» қолдаушылар көбейіп келеді

«Альтернатива» актуалды зерттеулер институты қоғамдық пікірге сұрау салып, 2012 жылғы 15 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлау алдында сайлаушылардың белсенділігі мен таңдауын анықтады. 2-8 қаңтар аралығында 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларында өткізілген жеке сұхбат пен телефон делісі негізінде 1200 адамға сұрау салынды. Сұрау салу нәтижесінің ауытқу коэффициенті  ±2,82% құрады.

Сұралғандарға 4 сауал берілді:

1. Сіз 2012 жылғы 14 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысасыз ба?

2. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатыспасаңыз себебін айтыңыз?

3. Парламент сайлауына қатысып жатқан қай партияға дауысыңызды бересіз?

4. Сіздің қандай да бір партияға дауыс беру ниетіңізге не түрткі болуы мүмкін?

Сұралғандардың басым көпшілігі (98,6%) сайлауға қатыспақ ниетте. 1,4% ғана сайлауға қатыспайды. Сайлауға қатысудан бас тартқандар елдегі саяси партияларға сенбейтіндерін, уақыты жоқ екендіктерін, денсаулығына байланысты қатыспайтындарын айтады (17,6%).

Сұрау салу кезінде сұралғандардың электоралдық таңдауы мен оған себепкер жайттар былайша бөлінді:

Саяси партиялар

Партиялардың  электоралдық рейтингі

(%)

Электоралдық таңдауға себепкер жайттар

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы

78,2%

Партияның белсенділігі (33,9%)

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы

14,3%

Партияның белсенділігі (23,8%)

Қазақстанның коммунистік халықтық  партиясы

2,5%

Партияның белсенділігі (40%)

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

2,3%

Партияның сайлауалды тұғырнамасы (22,2%)

«Әділет» демократиялық партиясы

0,5%

Партияның белсенділігі  (33,3%)

Қазақстанның Патриоттар партиясы

0,5%

Партияның белсенділігі және жекелеген әлеуметтік топтардың мүддесін қорғауы (33,3%)

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

0,3%

«Ауыл» партиясы сайлаушыларының аздығынан себебі айқындалмады.

Сонымен, қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижесінде отандық сайлаушылардың көңілі «Нұр Отан» ХДП мен «Ақ Жол» ҚДП-ға ауып отырғанын байқауға болады. Сондай-ақ, осы екі партияның арасындағы сайлауалды бәсекені олардың сайлаушыларының біркелкілігімен түсіндіруге болады: демографиялық және географиялық жағынан сұрау салынғандардың басым бөлігін ұлты қазақ (80,1% және 64%), 30-39 жастағы (56,1% және 29%), қалада тұратын (87,5% және 77,3%) ер адамдар (69,6% және 59,9%) құрайды.

Сайлаушылардың арасында гендерлік фактордың да көрініс тауып отырғанын атап өту керек. Соның ішінде, «Әділет» партиясы (83,3), «Ауыл» партиясы (75%) және Қазақстанның патриоттар партиясы (66,6) және Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының (63,3) сайлаушылары арасында әйелдер басым.

«Альтернатива» актуалды зерттеулер орталығы 2006 жылғы 26 тамыздан бері жұмыс істейді.  Орталықтың жарғылық мақсаттарының бірі зерттеулер мен сараптаулар арқылы Қазақстанда демократиялық қарым-қатынастарды орнықтыру, азаматтық қоғам мен сараптамалық өнімдер нарығын қалыптастыру болып табылады.

Байланыс:

Тел.: 8-701-384-2641

E-mail: alternativa_kz@mail.ru

URL: www.alternativakz.com

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572