Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2505 0 пікір 10 Қаңтар, 2012 сағат 05:40

Интернет-конференция: Дос Көшім (жалғасы)

Конференция қонағы «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім мырза оқырмандар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жалғасты жауап бере отырып: «Жаңаөзендіктер де, қазақ қауымы да бұл қанды қырғынның барлық шындығын толық ашуға және арандатушыларды, кінәлі жандарды толық жазаламайынша тыныштық таппауы керек» екенін айтады.

«Абай-ақпарат»

- Досеке, Әкежан Қажыгелдинге қалай қарайсыз? Жауабыңыздан сіздің елдегі саяси жағдайға деген субъективті көзқарасыңызды аңдасам деймін.

- Әкежанды өте жақсы білемін деп айта алмаймын. Бірақ алты-жеті ай бірге жұмыс істеуге, бірге сотталуға (әкімшілік жолымен) тура келді. Пысықтығы, былшылдап көп сөйлемей нақты жұмысқа көңіл бөлетіні- құптарлық қасиет. Ол шет елге кеткеннен соң, талай жандайшаптар арамыздан ши жүгіртіп, мені жамандағанда, ол кісі тағы бір қасиетін танытты: сұхбатының бір де бірінде мен туралы жаман пікір айтқан жоқ. Бұл кез келген саясаткерлердің қолынан келетін мінез емес. ...Оның басы қатесі - ұлттық мәселеге, қазақ мәселесіне салқын, бейжай немесе қате көзқарасы деп ойлаймын

- 1. Жергілікті өкілді органдарды тұрақты жұмыс жасайтын органға айналдыруға қалай қарайсыз?

2. Дәрігерлер мен мұғалімдеріді сайлауға тартқанды қалай тоқтатуға болады?

Конференция қонағы «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім мырза оқырмандар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жалғасты жауап бере отырып: «Жаңаөзендіктер де, қазақ қауымы да бұл қанды қырғынның барлық шындығын толық ашуға және арандатушыларды, кінәлі жандарды толық жазаламайынша тыныштық таппауы керек» екенін айтады.

«Абай-ақпарат»

- Досеке, Әкежан Қажыгелдинге қалай қарайсыз? Жауабыңыздан сіздің елдегі саяси жағдайға деген субъективті көзқарасыңызды аңдасам деймін.

- Әкежанды өте жақсы білемін деп айта алмаймын. Бірақ алты-жеті ай бірге жұмыс істеуге, бірге сотталуға (әкімшілік жолымен) тура келді. Пысықтығы, былшылдап көп сөйлемей нақты жұмысқа көңіл бөлетіні- құптарлық қасиет. Ол шет елге кеткеннен соң, талай жандайшаптар арамыздан ши жүгіртіп, мені жамандағанда, ол кісі тағы бір қасиетін танытты: сұхбатының бір де бірінде мен туралы жаман пікір айтқан жоқ. Бұл кез келген саясаткерлердің қолынан келетін мінез емес. ...Оның басы қатесі - ұлттық мәселеге, қазақ мәселесіне салқын, бейжай немесе қате көзқарасы деп ойлаймын

- 1. Жергілікті өкілді органдарды тұрақты жұмыс жасайтын органға айналдыруға қалай қарайсыз?

2. Дәрігерлер мен мұғалімдеріді сайлауға тартқанды қалай тоқтатуға болады?

3. Пәленбай ақшаға сатып алынған электронды дауыс беру құралдарының тағдыры не болды?

4.Өзін өзі басқару органына қалай қарайсыз?

5. Әкімдерді сайлауға дұрыс деп есептейсіз бе?

6. Мемлекеттік тіл туралы заңды қолдаған мемлекет билігіндегі азаматтарды айта аласыз ба?

7.Шырмауық болып біткен сайқал саясатты көріп, қолды бір сілтеп қоя салғыңыз келмей ме? (Мұның астарында бәрі бар)

8. Перуашев қалай ғана «Ақжолдың» төрағасы бола қалды? Ертеңгі күні біреу келіп «Азаттың» төрағасы бола салу да соншалықты оңай ма?

- 1. Қарсымын. «Жергілікті өзін өзі басқару жүйесі» туралы заң қабылданбайынша - жергілікті жерлерде ешқандай өзгеріс болмайды. Сіздің айтып отырғаныңыз-жергілікті өзін өзі басқару туралы заңды қабылдамаудың сылтауы ретінде  Назарбаевтың айтқан ұсынысы.

2. Мұғалімдер мен дәрігерлер заңсыз жұмыс жасағысы келмесе прокуратураға шағым жасаулары керек. «Жағаласпай жан қалмайды» дейді қазақ. Ал Өздері құл болғысы келетіндерді ешкім азат ете алмайды!

3. Электронды дауыс беру жүйесі (АИС Сайлау) тоқтатылды. Ол үшін Тұрғанқұлов мырзаға өзімнің алғысымды айтамын (Әзілім деп түсінбеңіздер, шыным)

4. Бұл жүйе туралы заң (Конституцияның 89-бабы) 1997 жылы қабылдану керек болатын. Осы уақытқа дейін, ұмытпасам, алты жоба жасалды. Бәрінің талдауына қатыстым. 2000 жылғы жобаның (нақты жергілікті өзін өзі басқару жоқ заң жобасы!) өтпеуіне тікелей әсер ететін жұмыстарды ұйымдастырдым. Жергілікті өзін өзі басқару жүйесін - Қазақ еліне ең керекті демократиялық қүұрылым деп білемін. Биліктің әлі күнге дейін қашқалақтап жүргені де соның нақты дәлелі. 2000 жылы менің «Жергілікті өзін өзі басқару жүйесі - азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы» деген кітапшам жарық көрді...

5. Тағы да жергілікті өзін өзі басқаруға келеміз. 2002-2003 жылдары оппозиция  «әкімдерді сайлау керек!», деген ұран көтергенде, мен қарсы болғанмын. Егер жергілікті өзін өзі басқару енгізілсе, әкімдеді сайлау мәселесі күн тәртібінен өзінен өзі түседі.

6. Егер айтсам, олар қызметтен кетуі мүмкін

7. «Сайқал саясат» деген сөз сайқал саясаткерлер мен сайқал іс-әрекеттерге берілген баға. Меніңше, саясат - мақсатқа жету жолындағы жасаған іс-әрекеттердің жиынтығы. Әңгіме сол, мақсаттың қандай екендігінде... Қолды бір сілтеп шығып кету - ең оңай жол. Ал мен жалқау жанмын. Қолымды сілтеуге де ерінемін

8.  Бұл -сол  партияның Жарғысын жасаған адамдарға қойылатын сұрақ.

- Мәжіліске партиялық тізімді жасақтау үшін партия съездерінде бір рет дауыс береді. Бұны бір дауыс деңіз. Сайлау учаскелерінде партияларға дауыс береді. Бұны екі дауыс деңіз. Қазақстан халықтары ассамблеясында 9 депутатты сайлау үшін тағы дауыс береді. Бұны үш деңіз. Сонда Қазақстандағы кейбір азаматтар үшін Мәжіліс депутаттарын сайлау үшін бақандай үш дауыс беруіне болады деген сөз бе?

Жартылай келісемін. Партиялық жиындарда кімдердің партия атынан тізімге кіретіні туралы дауыс беру - олардың Парламентке өтуін қамтамасыз ете алмайды. Ал Қазақстан халықтары Ассамблеясындағы 350-дей адамның екі рет дауыс беретінінің заңсыз екендігіне келісемін.

- Ертісбаев жолдас: «Үкімет Жаңа өзеннің мәселесін шешу де жарты жылға кешікті», депті. Оның өзі сол жарты жыл ұйықтап қалды деп есептемейсіз бе? Қанша дегенмен, кеңесші емес пе.

- Біздегі Кеңесшінің рөлі - өте тамаша. Ол бәрінен жоғарыда тұрып, ақыл айтады, пікір білдіреді. Бірақ жауапкершілікті ешқашан бөліспейді. Екіншіден, Ермұқан - президенттің кеңесшісі ғой. Ол өзінше атқарушы биліктен бөлек тұрып, сын айтқысы келеді. Бірақ Конституцияны қарасаңыз, президент те атқарушы биліктің басшысы...

- 48-ші қонаққа!

Әй, мұндар, сұрақ деген тұр ғой тізіліп. Қайсысын алып тастапты? Аузыңа келгенді көкімей дұрыстап жаз, конференция қонағына қоятын сұрағың болса, қой, әйтпесе бос былшылың кімге керек сенің?! Абай сайты саған ауылдың ар жағындағы адыр емес, артыңды түріп қойып саталай беретін. Қайта Абайдың жігіттері төзімді екен, олар өздері туралы қандай лас сөздер айтылып жатса да кешіріммен қарап отырады. Басқалар болса, сенің мына сандырағыңды баяғыда-ақ сүртіп тастайтын еді. Досекеңе сауал: сайлау кезінде болсын, басқа кезде болсын осы біздің пікір алысу деңгейімізді қалай бағалайсыз?

- Меніңше, жылдан жылға дұрысталып келеді. Әрине, аузына келгенін айтатындар да жеткілікті. Сөйлеу мәдениеті бірден қалыптаспайды ғой. Менің бір арманым бар: интернетке кіріп, пікір айтатын әрбір қазақ баласы өзінің аты-жөнін, міндетті түрде, жазатын болса деп армандаймын. Сол уақытта «қазақ деген халық бар екен», олар өздерінің әрбір сөзіне жауап беруге дайын, нағыз ер жігіттер екен деп, барлық әлем таң қалар еді. Мен аты-жөні жазылмаған пікірлерді оқымаймын. Оларды бұрышта тұрып, бастарына шапандарын бүркеп алған шуылдақ, қорқақтар деп қабылдаймын!

- Дос мырза, Ресейде көктемде болатын президенттік сайлаудың әділ өтуін қадағалау үшін әрбір сайлау бөлімдерінде веб-камералар қою мәселесі көтеріліп жатыр. Сіз қалай ойлайсыз, Орталық сайлау комиссиясы 15-қаңтарда болатын сайлауда осындай бақылауды бізде неге ұйымдастырмайды?

- Біздің заңымыз бойынша да сайлау учаскесінде дауыс беру барысында фотокамераны, бейнекамераны қолдануға болады. Кейбір кандидаттардың учаскеге камера қойып, таңертеңнен кешке дейін бақылау жасағанын да білемін. Мысалы, менің досым Асылбек Қожахметов осы арқылы бір адамның бірнеше учаскеде дауыс бергенін анықтап та берді. Әңгіме веб камерада емес. Сондағы деректерді ертең сот органдары қабалдайды ма, жоқ па, әңгіме сонда жатыр. Біздегі сот органдары теркомның жасаған заңсыздықтары туралы түскен актілерді сол теркомның өзіне жіберіп, қарап отырады. Бес жыл бойы тәуелсіз бақылаушылар жүйесін басқарған уақытта ондайдың талай куәсі болдық.  Бұл пікірімді веб-камера қоюға қарсылық деп ұқпаңыздар. Веб-камера, ең болмаса, қанша адамның дауыс бергені туралы дерек бере алады. Меніңше, миллиондаған долларды «АИС Сайлау» деген электронды дауыс беру жүйесіне лақтырған ОСК одан бірнеше есе арзанға түсетін веб камераны қоюдан бас тартпайды деп ойлаймын.

- Ел білетін азаматтардың барлығы дерлік Жаңаөзен қырғыны жөнінде өз пікірлерін білдірді. Ал сен неге үнсізсің, Дос? Әлде мен оқымаған бір басылым не сайтта айтқан пікірің бар ма? Болса, қандай?

Серік

- Алып тастаса өздері білсін, бірақ «Дат» (Тасжарған) пен «Алтын ордаға» сұхбат бердім. Ресейдің және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі осы жағдай жөнінде менен пікір алды.

- Бүгін Жаңаөзен туралы жаман хабар естіп жүрегім ауырып отыр. Мұнайшыларды «кезінде неге ереуілге шықтың» деп түрмеге әкетіп ұрып- соғып жатыр дейді. барып келгендер: «Ел өте ренжулі» дейді. Билік тағы да жасырын түрде үнсіз елді қырып жатқан сияқты. Елбасы өткенде «мен білмедім» деді. Ертең тағы да білмедім дер ме екен?! Бізде келешекке деген сенім өліп бара жатыр. Билік осы кезге дейін тек орыс тілді қазақ пен басқа ұлт үшін жағдай жасап, өзінің қара қазағын ұмытып кеткен жоқ па, Досеке? Мүмкіндік болса, қазақтың сауатты жігіттері Жаңазеннен хабар алдырсаңдаршы? Дос,биліктен көңіл қалды. Не ақыл қосасыз?

Қарапайым қазақтың қара қызы

- Менің қосатын ақылым біреу ғана. Жаңаөзендіктер де, қазақ қауымы да бұл қанды қырғынның барлық шындығын толық ашуға және арандатушыларды, кінәлі жандарды толық жазаламайынша тыныштық таппауы керек. Желтоқсанда да бастары жарылғандар, сотталғандар, жұмыстан, оқудан шыққандар анықталды да, сол сұмдықты жасағандар көлеңкеде қалды. «Шаңырақ» шайқасында да осы қайталанды. Сондықтан да Жаңаөзенде де осы оқиға қайталанды. Демек, осындай жағдайлар қайталанбас үшін барлық кінәлілер қатаң жазаға тартылуы қажет. Меніңше, айыптылар орындығының жартысынан көбінде атқарушы биліктің өкілдері отыруы керек.

- 1. Дос мырза, мен балаларымның болашағына қатты алаң күйдемін. Ертеңгі күннен қанша үмітті болсақ та, қарапайым қазақ балаларының болашағы қандай болады?

2. Қазақ халқының саяси сауаттылығы қаншалықты дәрежеде?

- 1. Бәрімізді де осы сұрақ ойлантады. Жауабын да бірлесе шешуіміз қажет

2. Біз аса бейсаясатшыл, бейжай халықпыз. Әңгіме саяси сауаттылықта да емес. Сауатты адамдар өздерінің әңгімесін ас үйде шәй ішіп отырып айтқаннан ештеңе өзгермейді. Біз, ең қорқыныштысы, ұлттық рухымыздан, намысымыздан айрылып бара жатқан сияқтымыз.

- «Жуандардың ел билеу ісін жүргізуіне айтар сыным бар. Өзінше әділсініп, ақпын дейді. Қарасаң, партия басшысы да - сол, батыр да - сол, малын жұмсап, бағын асыру, басқаны құл, өзін зор көру. Басқаны лажы келсе сатпақ, соймақ ниетте. «Мен - Құдай» дегенді айтпаса да ниеті солай».

Дос мырза! Шаһкәрімнің осы пікірі бұл күнде қаншалықты өзгерді деп ойлайсыз?

Қазақтың қара баласы.

- Өзгерген жоқ деп ойлаймын

(жалғасы бар)

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576