Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2883 6 пікір 14 Қазан, 2020 сағат 11:30

Тоқаев: Жээнбеков - Қырғыздың заңды президенті!

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрші Қырғыз еліндегі саяси оқиғаларға қатысты пікір білдіріп, президент Жээнбековті «Қырғызстанның заңды президенті» деп танитынын айтқан. Бұл туралы президент Тоқаев өзінің «Твиттердегі» парақшасында жазды.

«Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды», - деген Қазақстан президенті.

Ол сондай-ақ, Жээнбековтің елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін жасап жатқан жұмыстарын қолдайтынын білдірген.

«Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен ақ сабырға шақырдық», - дейді Тоқаев.

Айта кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өткен. Оған ұзын-ырғасы 16 саяси партия қатысқан. Сайлаудың қорытынды есептері жарияланғаннан бастап, саяси күштер Бішкектің «Ала-Тоо» алаңында наразылық акцияларын бастаған. Оның арты төңкеріске ұласқан.

Бірнеше күнге созылған саяси төңкерістен соң, Қырғызстанның премьер-министрі, Парламент спикерлері мен бірнеше қаланың мэрлері өз еріктерімен доғарысқа кетті. Сайлаудың нәтижелері жойылып, қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылданды. Парламентке өтпей қалған оппозиция жеңген партияларды «әкімшілік ресурстарды пайдаланды, дауысты сатып алды», деп айыптаған.

6 қазанда, түнде наразы халық «Ақ үй» мен Парламентті басып алған. Сол күні наразылар түрмеде отырған бірнеше саясаткерді қамаудан босатқан. Олардың арасында экс-президент Алмазбек Атамбаев пен экс-депутат Садыр Жапаров та болды.

10 қазанда Садыр Жапаров премьер-министр қызметіне бекітілген. Кейбір депутаттар оның қызметке тағайындалуының заңдылығына күмән келтіреді.

Бұған дейін Сооронбай Жээнбеков «мемлекет құқықтық жолға оралған соң президент қызметінен кетуге даярмын», деген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Біріккен Ұлттар ұйымы Сооронбай Жээнбековті Қырғызстанның легитимді президенті деп сайнайтынын мәлімдеген.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485