Сенбі, 23 Қараша 2024
3059 2 пікір 14 Қазан, 2020 сағат 13:21

Шымкенттегі аудан әкімі 680 мың айлық алады

Шымкент қаласында «Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында мемлекеттік орган басшылары мегаполис тұрғындарына қанша айлық алатындарын жариялапты. 

Мәселен, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов 680 мың теңге алатындығын хабарласа, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 550 мың теңгені құрайтындығын жеткізді.

Ал,қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов 546 мың, Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының м.а. Төрехан Дауытов 246 мың, Әл-Фараби ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бағдаулет Ашенов 153 мың, Көркем гимнастикадан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Жүсіпова 250 мың,   Диагностикалық орталығының директоры Шолпан Мырзахметова 330 мың, №1 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Талғат Шауенов 200 мың, «Дарын» орталығының директоры 210 мың теңге алатындығын жариялады.

«Алдағы уақытта басқа да мемлекеттік мекемелердің басшыларының айлық жалақыларымен қатар, жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстарымен таныстыратын боламыз» - дейді Ж.Қамбар.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496