Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сардоба ауданындағы Дустлик махалласында 37 үй, Мирзаабад ауданындағы Хакикат махалласында 40 үй, Акалтин ауданындағы Навбахор махалласында тоғыз үй тұрғызылды. Мирзияев әуелі Хакикат махалласында болды.
"Су тасқынының зардабы көп болды. Бізге апат салдарын жойып, тұрғындардың тіршілігін қайта жақсарту керек болды. Мұндай міндет кез келген мемлекеттің қолынан келе бермейді. Біз зардап шеккендердің бәрімен сөйлестік. Суық түспей оларды баспанамен қамтамасыз ете алдық. Халық риза", - деді Мирзияев.
Бұның алдында Сардоба ауданының бір топ тұрғыны үкімет уәде еткен өтемақы алмағанын журналистерге хабарлаған.
Ресми мәлімет бойынша, 1 мамырда бөгеттің жарылуынан Сардоба, Акалтин және Мирзаабад аудандарында 2 570 үй, 76 көп пәтерлі үй жарамсыз болып қалды.
Abai.kz