Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
6321 8 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 15:27

Павлодар әкімдігі тіл митингісіне рұқсат берді

18 қазан күні Павлодарда Тіл митингісі өтеді. Бейбіт жиналысты өткізуге қала әкімдігі рұқсат берген. Бұл туралы белгілі тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі facebook парақшасында мәлімдеді. 

«Павлодар қаласы әкімінің аппараты ММ-сі митинг нысанындағы бейбіт жиналыстың ұйымдастырушысы Руза Зайкенқызы Бейсенбайтегіне 2020 жылғы 18 қазанда сағат 11:00-ден 14:00-ге дейінгі аралығында Павлодар қаласы, Конституция алаңы 1 (Естай атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаң) мекенжайы бойынша, «Мемлекеттік қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, әр салада қолдануын талап ету және қазақ тілді тұтынушылардың дискриминациясын тоқтату» тақырыбында, белгіленген регламентке сәйкес болжамды қатысушылар саны 500 адаммен бейбіт жиналыс митинг өткізуге келісім береді»,- делінген әкімдік хабарламасында.

Тіл жанашырының айтуынша, митингке келетіндер санитарлық талаптарды сақтауы және белгіленген тақырыптан ауытқымауы тиіс.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1341
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2914
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 992
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 925