Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2959 0 пікір 11 Қаңтар, 2012 сағат 08:43

АШЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

АШЫҚ ХАТ

Президент мырза!

Қазақстан халқының бірлігі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде «Stan.kz» редакциясы Сізге ашық хат жазып отыр.

Өзінің кәсіби міндетін орындау барысында, «Stan.kz» түсіру тобы 2011 жылы желтоқсанның 16-да қазақстандықтарды ғана емес, әлемдік қауымдастықты дүр сілкіндірген Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаның куәсі болды. Бейбіт халыққа оқ атуды адамзатқа қастандық деп білетін халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар Жаңаөзен оқиғасының себептерін шынайы зерттеу керектігін алға тартуда.

Желтоқсанның 23-де, Жаңаөзенге барған сапарыңызда, Сіз құзырлы органдарға қаладағы қайғылы оқиғаны ашық әрі әділетті тергеуді тапсырдыңыз. Бұған қоса, Сіз, БАҚ өкілдері халыққа шынайы және жан-жақты ақпарат жеткізуі керек дедіңіз. Бірақ Жаңаөзендегі  төтенше жағдайда, журналистерге қазіргідей қысым көрсетіліп жатқан шақта, қайғылы оқиғаның ақ-қарасын анықтау мүмкін емес.

«Stan.kz» редакциясы әрі қарай да Маңғыстау облысындағы оқиғаларды жіті бақылап, Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаға байланысты толыққанды және объективті журналистік зерттеуін аяғына дейін жеткізуді көздейді. Маңғыстау облысындағы соңғы алты айда «Stan.kz» қызметкерлерінің түрлі кедергілерге кезіккенін ескере отырып, ақпараттық портал журналистері Сізден ҰҚК және құқық қорғау органдарының күшейіп кеткен қысымын доғаруды сұрайды. Журналистерге жасалған барлық қысым тіркеліп, қосымшада көрсетілген.

Бұдан бөлек, соңғы кездегі күштік құрылымдардың үкіметтік емес ұйымдарға қарсы әрекеттері мен тәуелсіз журналистерге қысым көрсетуінің өсе түскенін ескере отырып, «Stan.kz» журналистері былай деп мәлімдеуге мәжбүр:

- «Stan.kz» журналистері мен өзге де қызметкерлерінің есірткіге әуестігі жоқ. Заңсыз қару ұстамайды. Қандай да бір ҚР заңдарын бұзатындай істерден аулақ. Ешқандай экстремистік ұйымдармен байланысы жоқ.

- «Stan.kz» редакциясы қызметкерлерін жоғарыда көрсетілген қылмыс түрлерімен айыптау арандатушылық ретінде бағаланатынын ескертеді.

Қорыта келе, сөз бостандығы кез келген либералды және демократиялық қоғамның бастапқы құндылығы болып табылатынын, ал, Қазақстан заңдары журналистерге ақпарат алу құқығына кепілдік беретінін еске саламыз.

Әсел ЛІМЖАНОВА - "STAN KZ " бейнепорталының бас редакторы

Жұлдыз ТӨЛЕУ - "STAN KZ " бейнепорталы бас редакторының орынбасары

Қасым АМАНЖОЛҰЛЫ - "Тәуелсіз" саяси ток-шоуының авторы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592