Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2839 0 пікір 12 Қаңтар, 2012 сағат 04:34

ОҚО да сайлау саудаға айналып жатыр

Сайлау жақындаған сайын ел ішінен редакциямызға түрлі хаттар келіп түсіп жатыр. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан  хат жазып, хабарласушылардың қарасы мол. Сондай хаттардың бірін Қанат Серікбаев ақсақал жіберген. Хатта «Нұр Отан» партиясының аймақтағы бөлімшелері басшыларының жасап жатқан қиянаты сөз болады.

Және Түркістан қаласынан «Руханият» партиясының атынан қалалық мәлихатқа үміткер ретінде сайлауға түскен Жүсіпбеков мырза да партиядан шығып, сайлауға қатысудан бас тартыпты.

Аймақтардан келіп түсіп жатқан хат-хабарлардың бір легін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

 

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы А.Мусинге

ҚР бас прокуроры А.Дауылбаевқа

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Әбіқаевқа

ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қ.Тұрғынбековке

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші

орынбасары Н.Нығматулинге

Оңтүстік Қазақстан облысы

прокуроры Б.Құлтасовқа

ҚР ҰҚК ОҚО бойынша департаменті

бастығына

Сайлау жақындаған сайын ел ішінен редакциямызға түрлі хаттар келіп түсіп жатыр. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан  хат жазып, хабарласушылардың қарасы мол. Сондай хаттардың бірін Қанат Серікбаев ақсақал жіберген. Хатта «Нұр Отан» партиясының аймақтағы бөлімшелері басшыларының жасап жатқан қиянаты сөз болады.

Және Түркістан қаласынан «Руханият» партиясының атынан қалалық мәлихатқа үміткер ретінде сайлауға түскен Жүсіпбеков мырза да партиядан шығып, сайлауға қатысудан бас тартыпты.

Аймақтардан келіп түсіп жатқан хат-хабарлардың бір легін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

 

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы А.Мусинге

ҚР бас прокуроры А.Дауылбаевқа

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Әбіқаевқа

ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қ.Тұрғынбековке

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші

орынбасары Н.Нығматулинге

Оңтүстік Қазақстан облысы

прокуроры Б.Құлтасовқа

ҚР ҰҚК ОҚО бойынша департаменті

бастығына

«Нұр Отан» ХДП абыройын түсіруге жол берілмесін!

Құрметті мырзалар!

Биылғы жылға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат сайлауын өткізуді ұйымдастыруда «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен жергілікіті атқарушы органның басшылығы заңсыз әрекеттерге баруын тоқтатар емес. Биліктің озбырлық әрекеттері оңтүстік өңірі жұртшылығының наразылығын тудыруда. «Нұр Отан» ХДП-ны барынша қолдайтын, 80 мың мүшесі бар облыстың халқы жергілікті басшылардың партия беделін түсіріп, оның абыройын төгетін заңсыз әрекеттерге барғандығына ашу-ызалы екендігін хабарлаймын.

Бірінші, «Нұр Отан» ХДП мәслихатқа үміткерлерді таңдап, оларды праймеризден өткізуде небір сорақылыққа жол берді. Ел сенімін ақтайтын, Мемлекет басшысының сарабдал саясатын баянды етуге өлшеусіз үлес қоса алатын азаматтар таңдауға түспеді, жеке байлықтың жолында жүргендер тартылды. Олардың кім екенін облыс халқы біліп отыр. Осы мәселеде «шымкентше» саудаға жол берілгендігін жұртшылық ашына айтып жатыр. Оған дәлел болатын фактілер жетерлік болғандықтан республикалық «Жас Алаш» газеті: «праймериздерде ақшасы көптер мен көкесі күштілердің бағы жанып, ашық саудаға салынды. Праймериздің қорытындысы қайта-қайта өзгеріп, қолжаулық болғаны осыдан», - деп жазды. Бұл ауыр айыптауға облыс басшылары неге жауап бермейді? Шымкент қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Ж.Білісбеков праймеризден өткізуде заңсыздыққа жол берген «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ басшылығын дәйекті дәлелдерімен айыптағанда да, оған да бір ауыз  жауап бере алмады.

Бұрын депутат болып келген партия мүшелеріне праймеризден өткізу хабары тіпті айтылмады да. Олардың көбі қазір өзін-өзі ұсынушы үміткер болып, әкімшілік органы енді оларды қуғындауға шықты. Билік жергілікті басылымдарға тапсырыс беріп, «олар «Нұр Отан» ХДП-ны сатып кетті» деп, ар-намысына тиетін ақпарат таратқызды.

Аймақтағы сайлаушылардың өзі танымайтын адамдар праймериздерден қалай болса, солай өтіп жатты. Осындай факті Сайрам ауданында кеңінен етек алды. Сөйтіп, партияның беделін түсіріп ғана қойған жоқ, қарапайым азаматтарды қорлағандай, олардың наразылығын тудырды.

«Нұр Отан» ХДП ОҚОФ аппараты басшылығындағы туыстас азаматтар Ұ.Сәдібеков пен Ш.Жамалбековтердің «командасы» қалың елді тобырға санап, небір масқаралыққа жол берді.

Париялық праймеризден Ш.Жамалбеков облыстық мәслихатқа,  ал ұлы Ержігіт Шәріпбеков Сайрам ауданы мәслихатына, түркістандық «незаменимый» депутат Р.Тәңірбергенов облыстық мәслихатқа, оның баласы Ерқанат Тәңірбергенов қалалық мәслихатқа, шардаралық «незаменимый» депутат А.Раманқұлов облыстық мәслихатқа, ал ұлы Ғани аудандық мәслихатқа, Ә.Досболов облыстық мәслихатқа, баласы А.Досболов Сарыағаш аудандық мәслихатқа, ағайынды Оразалиевтердің үлкені облысқа, кішісі Сайрам аудандық мәслихатына праймеризден сүрінбей өтіп, жолдама алып, жұрттың жағасын ұстатты. Бұл тізім жалғаса береді, аз десеңіз, сарыағаштық 85 жастағы ақсақал Б.Қырғызғалиев те партиялық прайзмерде көпшілік дауыс алған болып шықты. Праймеризден өткізу бұрмаланып, сайлау аумағының жұртшылығына бейтаныс, ертеңгі күні халықпен етене араласа қоймайтын үміткерлердің ұсынылуы ел ішінің тыныштығын бұзуға апаруда.  Өйткені, елге есімі белгілі азаматтар мәслихатқа өзін-өзі үміткер етіп көптеп ұсынды. Оларды ел тұрғындары қолдауға шықты. Сайлауалды үгіттің басталған алғашқы аптасында-ақ нұротандық үміткерлердің басымдыққа қол жеткізе алмайтыны белгілі болды. Ауыл әкімдерінен бастап, аудан мен облыс әкімдіктері жағдайды Жаңа жылға жейін жан-жақты талдап, саралады. Қорытындысында өздерінің «Нұр Отан» ХДП-ны абыройсыз ететіндіктеріне толық көздерін жеткізді. Қазір әкімшілік қатаң шаралар көруді ашық қолға алды. карты таро

Нұротандық емес үміткерлердің суреттерін, түрлі жарнамаларын жыртқызуға шықты. Бәйдібек ауданы Шаян ауылдық округі әкімінің орынбасары облыстық мәслихатқа өзін-өзі ұсынушы еткен үміткерлердің суреттерін жыртып жатқан үстінде ұсталып, масқара болды. Осы ауданның Жамбыл ауылдық  округі әкімі  нұротандық үміткерге көп дауыс алып бере алмайтынына көзі жеткен соң, учаскелік сайлау комиссиясы төрағасын ауыстырып, өзінің туған қайнысын төраға еткізген. Ондағы мақсаты заңсыз былықтарды білдірмей жасатқызу.

Адам айтуға ұялатын масқараны Қазығұрт, Мақтаарал, Шардара, Түлкібас т.б. аудандар да жасады. Аудандық білім бөлімі бастықтары өзін-өзі ұсынушы үміткер жеңіп кетуі мүмкін делінетін ауылдық округі аумағындағы мектеп директорларынан «Өз өтінішіне сәйкес қызметінен босату туралы» Арыз жаздырып алған. Мектеп директорларына «Нұротандық үміткерге 70-80 пайыз дауыс әперсең орныңда қаласың. Ал оны орындай алмасаң, мына өз қолыңмен жазған  өтінішіңе сәйкес қызметіңнен кетесін» деген талап қойыпты. Қазір бұл аудандардың мектеп директорларының жүйкесі тозып, жындануға айналған. Бір жағында ҚР «Сайлау туралы» заңы тұрса, оны бұзуға болмайды, ал екінші жағында заңсыздыққа бармасаң «қызметіңнен кетіремін» деген билік органы тұр. Мұндай сорақылық республикамыздың бірде-бір облысында жоқ шығар. «Нұр Отан» ХДП беделін түсіруде бұдан асқан масқаралық бола ма?

Облыс әкімінің орынбасарлары: Е.Айтаханов - Қазығұрт ауданына, Ә.Бектаев - Ордабасы ауданына, Б.Оспанов - Төлеби ауданына 5-6 қаңтар күндері шұғыл барып,  аудандағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын қыспаққа алған. Нұротандық үміткерді өткізбеген кез-келген мекеме басшысы қызметтен кететінін ашық айтуға барған.

Қазығұрт, Мақтаарал, Бәйдібек, Төле би сияқты аудан тұрғындары «жергілікті атқарушы биліктегілер кеше Елбасыны алдап, Жаңаөзендегі қасіретке апарса, енді «сайлауды таза өткіздік» деп тағы алдамақшы. Біз өз құлқындарын ойлағандардың оны қайталауына жол бермейміз» дегенді ел азаматтары көпшілік орындарында ашық айтып жүр. Сайлауда билік заңсыздық әрекетке барса,  бас көтеріп, халықтың үнін Елбасыға жеткіземіз деушілер көбею үстінде.  Қарапайым халық қатты алаңдаулы.

Сондықтан,  жедел, тиісті шара көрулеріңізді сұранамыз, ел ішіне тыныштық керек.

Серікбаев Қанат Әбілсейітұлы,

зейнеткер,

Шымкент қаласы

Мәлімдеме

 

Шынын айту керек,  ақындығы да батырлығы да ұлт тағдырының ең қиын кезеңдерінде шешуші рөл  ойнаған  М. Шахановтың «Руханият» партиясына келуімен қазақ қоғамының саяси өмірі жаңаша даму алар деп үміттендім. Сол үшін де осы сана мен қоғамдық қозғалысқа өз үлесімді қосу мақтатында  «Руханият» партиясының қатарына қосылып, Түркістан қалалық мәслихат депуттатығына үміткер ретінде тіркелген едім.

Бірақ, өкінішке орай, қазіргі кездегі партияның келбеті, миссиясы, мәні 2011 жылғы «Руханият» партиясынан мүлдем бөлектенді. Бұл құндылықтардың қалай өзгергенін қоғам жақсы біледі, әділ бағаны да өзі бермек...

Сондықтан да, менің қазіргі «Руханият» партиясының қатарында болуымның еш мән-мағынасы жоқ деп есептеймін.

Осыған байланысты  мен, Н.Жүсіпбаев, сайлау науқаны кезінде қалыптасқан осы және басқа да себептер мен өзгерістерге байланысты өз еркімен  «Руханият» партиясы қатарынан шығатынымды және Түркістан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде сайлауға қатысудан да өз еркімен ресми түрде бас тартатынымды мәлімдеймін.

Алай да, қоғамның саяси өміріне азамат ретінде қатысуымды жалғастырамын.

Н.Т. Жүсіпбаев

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5590