Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3069 0 пікір 12 Қаңтар, 2012 сағат 04:47

«Сайқымазақ сайлаудан кеттік!»

САЙҚЫМАЗАҚ

САЙЛАУДАН КЕТТІК -

дейді оппозициялық үміткерлер

Ораталық сайлау комиссиясының заңсыз шешімімен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының серкесі Болат Әбілов пен  партияның белді мүшесі Гүлжан Ерғалиева үміткерлер тізімінен алынып тасталды. ОСК-ның осы өрескел хабары электронды баспасөз беттерінде жарияланысымен, ЖСДП-ның атынан сайлауға түсіп жатқан екі үміткер - қос редактор Рысбек Сәрсенбайұлы («Жас Алаш») мен Серғазы Мұхтарбек («Қазақстан») сайқымазақ сайлауға түсуден бас тартатындықтарын жария етті.

Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ,

«Жас Алаш» газетінің

бас редакторы:

- Мені сайлаудан бас тарттырған себеп - Орталық сайлау комиссиясының Болат Әбілов пен Гүлжан Ерғалиеваны нақақтан сайлауға түсу мүмкіндіктерінен айырған қитұрқы шешімі болды. Өйткені ол екеуі бүгінгі биліктің жүйесіне ашық қарсы шығып, халық сөзін сөйлеп жүрген қайсарлар еді. Сондықтан билік ол екеуінің парламентке баруларынан қорқады. Жасыратыны жоқ, Жаңаөзендегі оқиғадан кейін халықтың билікке қарсылығы ашыққа шыға бастады, мұндай жағдайда парламентке Болат пен Гүлжанның баруы билік үшін тіптен қолайсыз болған сияқты.

Ал жаңаөзендіктердің сайлау құқықтары бірде ОСК-ның, бірде Назарбаевтың тепкісіне түсіп жатса, азамат құқын аяққа таптаған бұл қандай сайлау болмақ? Қысқасы, Назарбаевтың Жаңаөзенде сайлау өткізбеу туралы ОСК-ның шешіміне «вета» қоюы мен Әбілов пен Ерғалиеваның сайлаудан сырылуы біріне-бірі байланысты әңгіме. Сондай-ақ «Руханияттың» басына үйірілген бұлт та - биліктің саяси ойыны. Сондықтан мұндай сайқымазақ сайлауға түсудан өз еркіммен бас тарттым.

Серғазы МҰХТАРБЕК,

«Қазақстан» газетінің

бас редакторы:

- Сайлауға түсуден бас тартқаным туралы мәлімдегенім рас. Өйткені биліктің әріптесім Гүлжан Ерғалиева мен Болат Әбіловты сайлау тізімінен сызып тастағаны жеке азаматтық ұстанымыма қайшы келді, сондықтан мұндай құйыршық сайлауға түсуден бас тарттым. Заң бойынша сайлауға санаулы күн қалғанда үміткерлерді «тексеру» - заңсыз әрекет. Анығында Ерғалиева мен Әбілов Жаңаөзенге қайта-қайта барғандықтары үшін сайлаудан шеттетілді. Оның үстіне ол екеуі де парламентке барса, биліктің айдауына көне қоятындар емес қой. Қысқасы, ОСК-ның Ерғалиева мен Әбілов жөнінде тапқан себептері қисынсыз.

Мейлі қандай жолмен, қандай жағдайда болсын, парламентке барып, ел сөзін сөйлеу керек шығар, бірақ одан не ұтамыз? Себебі дәл қазіргі саяси жағдайда парламентке оппозициядан ең көп болса 5-6 адам өтер, онымен не шешіледі? Бүгінгі билік жүйесі өзгермей, барлық шешімдерді жалғыз «Нұр Отан» шығаратын «дәстүр» сақтала береді.

Біз жүйені өзгертуіміз керек!

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 02 (130) 11 қаңтар 2012 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588