Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2567 0 пікір 12 Қаңтар, 2012 сағат 06:50

Қазақстанның Бас прокуроры сайлау күні заңдылықты қамтамасыз етуге барлық қажетті шараларды қолданады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау барысында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қолдануда, - деп хабарлайды республиканың бас қадағалау органының баспасөз қызметі.

Аталған жұмыс шеңберінде ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының төрағалығымен бейнеконференциялық байланыс тәртібінде аумақтық прокурорлармен жиналыс өткізілді.

Жиналыста аумақтық прокурорларға барлық сайлау процесіне қатысушылардың заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауларын, тез арада азаматтардың сайлау құқығын бұзу фактілерінің жолын кесуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Дауыс беру күні тікелей сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізуге прокурорлардың ерекше назары аударылды.

Жиналыс барысында бірқатар облыс прокурорлары аймақтағы жағдай және сайлау кампаниясы барысында қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданып отырған шаралар туралы баяндады.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев прокуратура органдарының басшыларына сайлау кампаниясы барысында жүзеге асырылып жатқан қадағалау шараларының объективті және ашық болуын қамтамасыз ету және сайлау комиссиялары мен сайлау процесіне қатысушылардың қызметтеріне негізсіз араласуға жол бермеу қажет екенін атап айтты.

Өз кезегінде, Бас прокуратура депутаттыққа кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау алдындағы штабтары заң талаптарын және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға бағытталған барлық шараларды қолданатынына сенеді.

АСТАНА, 12 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608