Сенбі, 23 Қараша 2024
2657 0 пікір 20 Қазан, 2020 сағат 10:44

Сенбіде базарлар мен сауда үйлері жұмыс істейді

2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды. Ал, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар ашылады.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берген. Нәтижесінде ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдаған.

"Біріншіден, шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтіледі:

2020 жылдың 26 қазанынан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;

Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;

шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу", - делінген хабарламада.

Екіншіден, 2020 жылғы 19 қазаннан бастап Қазақстандағы көптеген өңірлік зертханада ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Үшіншіден, ауру өсімі болмаған жағдайда, "жасыл" тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандандырылады.

"2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды. Ал 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды", - делінген хабарламада.
Төртіншіден, еліміздегі шектеу шаралары сақталады.

"Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады", - делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450