Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2538 0 пікір 13 Қаңтар, 2012 сағат 04:59

Депутаттық сауал: Бізде бір адам 12 литр арақ ішеді...

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімовке

Бізде бір адам 12 литр арақ ішеді...

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Өркениетті елдердің қатарына қосылып келе жатқан бүгінгі қазақстандық қоғамды ұлтымыздың табиғатына жатпайтын маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік сияқты  жат қылықтар толғандырса етті.
«Ұлың арақ ішсе - ырысыңның кеткені, қызың арақ ішсе - қызығыңың кеткені»,- деп халық бекер айтпаған. Ішімдікке әуестенушілік әсіресе, жасөспірімдер мен қыз-келіншектердің арасында кең етек алып бара жатқаны қазір ешкімге де құпия емес. Жалпы, алколгольді ішімдік ішіп алып   жантүршігерлік қылмыстарға барып жатқандардың саны тым жиілеп барады. Қоғамды осы жай  алаңдатып отыр.
Соңғы он жылда еліміз бойынша маскүнемдер саны бірнеше есе өскендігін ресми деректер айғақтап беруде. Ел бойынша наркологиялық мекемелерде 235 416 адам маскүнемдік дерті бойынша есепте тұр. Бұл Қазақстандағы әрбір 100 мың адамның 144,2 маскүнемдікке бой алдырғандығын айғақтайды.
Республикамыз бойынша 1 адамға шаққанда жылына орта есеппен 31 литр сыра, 12 литр арақ ішіледі  екен. Тағы бір дерек мынаны айтады: ел тұрғындарының 33,3 пайызы, яғни 3/1 арақ ішеді, солардың 59,7 пайызы 20 жасқа дейінгі жастар мен жасөспірімдер.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының пікірінше, жылына жан басына шаққанда ішімдік 8 литрден аспаса, ұлт генофонына әсері болмайды екен. Ал, біздегі бұл көрсеткіш 12 литрге жетіп отыр. Бұл дегеніміз ұлттың азып - тозуына,  оның тамырына балта шабылуына қарап отырып жол беріп отырғандығымыз емес пе?
Елбасының бастамасымен халықты зиянды әдеттерден тыю мақсатында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы жасалып, оны жүзеге асыру үшін арнайы қаржы да бөлініп, өңірлерде «Саламатты өмір салтын қалыптастыру» орталықтары да ашылды. Алайда, өкінішке қарай олардың саламатты өмір салтын қалыптастыру үшін атқарып жатқан  жұмыстарының тиімділігі әзірге сезілмейді де, байқалмайды да.
Мұның басты бір себебі, қазақстандық  нарықтағы темекі мен спирттік ішімдік өнімдерінің бағасының  өте төмендігі.
Европа елдерін айтпағанның өзінде, кедендік одаққа енген мемлекеттердің арасында Қазақстан бойынша  2012 жылы акцизделетін тауарларының ең төменгі акциздік ставкалары қалыптасқан. Мысалы, 1 литр арақтың акциздік ставкасы Ресейде - 1024,8 теңге, Беларусияда - 941,5 теңге, ал бізде 500-ақ теңге, яғни, екі есе төмен. Ал енді, 1 литр сыраның акциздик ставкасы - Ресейде - 53 теңге, Белоруссияда - 30,5 теңге, бізде 26 теңге ғана.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Бұл мәселе қоғамымыздың барлық топтарын толғандырып жүрген және Парламент депутаттары  бұған дейін айтып та келген  мәселе екендігі анық. Қазақстан біртұтас экономикалық аймаққа, кедендік одаққа енген осы тұста  темекі мен спирттік ішімдіктердің ақциздік ставкаларын көтеретін уақыт жетті деп санаймыз. Бұл бүгініміз бен болашағымыз үшін қажетті шаралардың бірі.

Депутаттар:

М. Мұхамедов

Ж. Ерғалиев

Е. Мұқаев

А.Күзеков

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618