Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3557 0 пікір 13 Қаңтар, 2012 сағат 05:03

Серік Абас-шах. Димаш ақсақалға смс хат

Нәпсісін тиып, құлыптап,

Тастаса, Алла - құлы ұтпақ..

Алыптық рухпен Димекең,

Халықты өтті ұлықтап.

Мәскеуге қарап, "бет тіліп",

Жасады жұмыс, "тепкі іліп".

"Мыстандар" мысты басса да,

Жоғалтпай жүрді, тектілік.

"Шірітпей басын балықтың",

Көтерді, жүкті, алып тың..

Туылған күнді той етпей,

Ойлады қамын, халықтың.

Жомарттық , жанға, жайлы ұғым,

Жетімге бөлді "шайлығын".

Миллиардты жиып жатпады,

Миына жиды, байлығын.

Димекең жасап, тоқ әлем,

Тағдырға бірақ, қопал ең.

Сәбисіз ғұмыр кешсең де,

Іздеген жоқсың, тоқал-ем.

Жезөкше ғұмыр сүрмедің,

Айбат қып, елге үрмедің.

Сайқалдар жиып қасыңа,

Саясат жасап жүрмедің.

Кетсе де сайтан, жын үйіп,

Киелі жерміз - шын, ұйық..

Есепшіл, ерме, есті елге,

Тұрсыз ба, көктен жымиып!

«Абай-ақпарат»

Нәпсісін тиып, құлыптап,

Тастаса, Алла - құлы ұтпақ..

Алыптық рухпен Димекең,

Халықты өтті ұлықтап.

Мәскеуге қарап, "бет тіліп",

Жасады жұмыс, "тепкі іліп".

"Мыстандар" мысты басса да,

Жоғалтпай жүрді, тектілік.

"Шірітпей басын балықтың",

Көтерді, жүкті, алып тың..

Туылған күнді той етпей,

Ойлады қамын, халықтың.

Жомарттық , жанға, жайлы ұғым,

Жетімге бөлді "шайлығын".

Миллиардты жиып жатпады,

Миына жиды, байлығын.

Димекең жасап, тоқ әлем,

Тағдырға бірақ, қопал ең.

Сәбисіз ғұмыр кешсең де,

Іздеген жоқсың, тоқал-ем.

Жезөкше ғұмыр сүрмедің,

Айбат қып, елге үрмедің.

Сайқалдар жиып қасыңа,

Саясат жасап жүрмедің.

Кетсе де сайтан, жын үйіп,

Киелі жерміз - шын, ұйық..

Есепшіл, ерме, есті елге,

Тұрсыз ба, көктен жымиып!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1091
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 763
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 729