Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әлеумет 7062 9 пікір 20 Қазан, 2020 сағат 12:27

Зейнетақы жүйесі. Көш басында Нидерланды мен Дания...

Mercer CFA институтының сарапшыларының пікірінше, 2020 жылы әлемдегі ең жақсы зейнетақы жүйесі Нидерланды мен Данияда, ал ең нашары Аргентина мен Таиландта тіркелген. 

Бұл 20 қазанда Bloomberg-тің Mercer CFA институтының мамандары дайындаған әлемдік зейнетақы индексі нәтижесінде анықталды. 39 елдің ақпаратына талдау жасау арқылы аталған рейтинг түзілді.

Талдаушылар 2020 жылы коронавирус пандемиясының салдарынан тізімге енген 39 елдің жартысынан көбі, атап айтқанда 20 елдің зейнетақы жүйесі төмендегенін атап өтті.

Рейтинг авторларының бірі Дэвид Нокстың айтуынша, пандемия аясында ғаламдық рецессия көптеген елдерде зейнетақы жарналарының төмендеуіне, инвестициялық кірістің төмендеуіне және мемлекеттік қарыздың өсуіне әкелді.

Зерттеуге сәйкес Нидерланды мен Дания «А» рейтингіне ие болды. «В» көрсеткіші - Израиль, Австралия, Финляндия, Швеция, Норвегия, Сингапур, Канада, Жаңа Зеландия, Германия, Швеция, Ирландия және Чили. Аргентина мен Тайланд рейтингтің ең нашарлары деп танылды.

Рейтингте Қазақстан туралы айтылған жоқ.

14 қазанда Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева алдағы бес жыл ішінде коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған дағдарыс жаһандық ЖІӨ-дегі шығындарға әкеліп соқтырады, бұл болжамды түрде 28 трлн долларға бағалануы мүмкін деп мәлімдеді.

27 наурызда Георгиева коронавирустың таралуына байланысты әлемдік экономикалық дағдарыс басталғанын хабарлады. Маусымда ХВҚ 2020 жылы әлемдік экономикалық өсім 4,9%-ға баяулайды деп есептеді.

Керімсал Жұбатқанов,

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052