Жұма, 1 Мамыр 2026
2997 1 пікір 20 Қазан, 2020 сағат 12:59

Алматыда митингілерге тыйым салынуы мүмкін

Алматыда көптеген адамдардың қатысуымен өтетін митингілерге тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«Естеріңізге сала кетейін, біз ауқымды митингтерге тыйым салу мәселесін де қарастырып жатырмыз. Қыркүйек айында митингтерге рұқсат берілді. Ол кезде ауру деңгейі бірқалыпты болды. Митингтер қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өтті. Бірақ қазір жағдай өзгеруде», - деді Бекшин.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер пандемия жағдайында 10 адамнан артық адамның жиналуына болмайтынын атап өтті.

«Бұл бір отбасы қатысатын отбасылық шараларға қолданылмайды», - деді ол.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 388
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 370