Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3523 0 пікір 12 Қаңтар, 2012 сағат 06:18

Нұра Матай. Жармахан Тұяқбай оппозицияны ұятқа қалдырды

Бірер күннен кейін еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде маңызы өте зор оқиға - сайлау өтетіні белгілі. Соңғы бірнеше апта бойы тәуелсіздіктің 20-жылдығын және жаңа жылдың басталуын тойлаумен қабаттас келген сайлау науқаны партиялық бәсекелестікті қыздыра түсті.

Мәжіліс сайлауына қатысқалы отырған саяси партиялардың басшы өкілдерінің қатысуымен өткен теледидар пікірсайысын тамашалаған көрермен «Нұр Отан» партиясының жанашырларын одан сайын жігерлендіре түссе, оппозицияның жақтастарын таңдай қақтырғаны анық.

Өз басым бұл додадан үлкен үмітте болған едім. Бірақ, оппозиция көшін бастап жүрген Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының пікірсайысқа қатысу үшін таңдаған өкілі көрермен қауымды өз жағына қарата алмағаны көрініп-ақ тұр. Тілге шешен, сөзге бай, халыққа кеңінен танымал тұлғаларға осы партия қатары лық толы. Өкінішке орай сайлауға болар-болмас уақыт қалған шақта ЖСДП-ның белді өкілі Болат Әбілов мырзаның сайлау бәсекесінен шығып қалғаны болмаса, одан басқа да Әміржан Қосанов, Тохтар Әубәкіров, Балташ Тұрсынбаев сынды қайраткерлерін сайлаушылар алдына шығармағаны көпшілікті шынымен де таңдандырды. 

Тұяқбай мырзаның сөз сөйлеуде тілге оралымсыздығына қоса, өз-өзіне сенімсіздігі де көрініп тұрды. ЖСДП басшысы көтерген мәселелер басқа партия өкілдерінің сөздерінде көбірек көрініс тапқан. Жаңаөзен мәселесі болса, доданың аяқталуына аз уақыт қалғанда ғана көтерілді. Оған қоса, мемлекеттік тілді барынша меңгерген Жармахан Айтбайұлы билік партиясы өкілі Нұрлан Нығматулин, Патриоттар партиясының өкілі Гүлдана Нүрпейісова, «Ақ жол» партиясы басшысы Азат Перуашевпен салыстырғанда осы қырынан да өз-өзін барынша көрсете алмауы да қынжылтты. Қазақи аудиторияны өзіне қарата алғаны күмән туғызады. Яғни ЖСДП өзінің ұтымды жақтарын мүлдем қолдана алған жоқ. Бұл жағдай оппозициялық партияларға онсыз да қырын қарап жүрген қандастарымызды одан сайын үркiтіп жібермей ме деп ойлайсың.

Әрине, дайындыққа берілген 3 күнге жуық уақыт партиялар үшін жеткіліксіз болған шығар. Алайда, осындай жақсы мүмкіндікті оппозиция өкілдері барынша қолдана алмағаны өкінішті-ақ. Ендігі таңдау - отандастырымыздың қолында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588