Бізге қазақ тілінде сөйлейтін Парламент керек!
Бүгін президент Тоқаев Парламент сайлауының күнін белгіледі. Ол – 2021 жылдың 10 қаңтары! Сол күні Парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліс пен өңірлердегі Мәслихаттар ауысады.
Бұған дейін Парламент сайлауына қатысты ел ішінде әртүрлі болжамдар айтылды. Әлеужелідегі әжік-гүдік әңгімелерге салсақ, бұл сайлау былтыр өтуі керек-ті. Саяси сарапшылардан тартып, желідегі жұрт: «Президент сайлауынан соң, іле-шала Парламент сайлауы өтеді», - деп болжаған.
Рас, Парламент сайлауы мерзімінен бұрын өтуі де мүмкін еді. Өйткені, осыған дейін бірнеше мәрте кезектен тыс Парламент және Президент сайлауларын өткізген едік. Бірақ, олай болмай шықты. Оған бірнеше фактор әсер еткені түсінікті. Соның бірі – экономикалық-әлеуметтік «дағдарыс» болса, екіншісі - 2019 жылғы Президент сайлауынан соңғы шу. Сол сайлаудың гуілі күні бүгінге дейін естіліп келеді. Ол бөлек әңгіме...
Тәуелсіздіктің 29 жылында Қазақстанда 7 рет Парламент сайлауы өткен екен. Және оның 5-еуі кезектен тыс өткен. Қаңтардағы сайлау 8-ші сайлау.
Қазір Мәжілісте 6-шы шақырылым депутаттары отыр. 2016 жылдың наурызында кезектен тыс Парламент сайлауына 6 партия тіркеліп, 3-еуі Мәжіліске өткен. Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы сол сайлауда 82,15 пайыз дауыс иемденген. Осы Мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 25 наурызында аяқталуы тиіс.
Заң бойынша сайлау Мәжіліс өкілеттігі аяқталардан 5 ай бұрын белгіленіп, 2 ай бұрын өткізілуі керек. Ал Мәжіліс сайлауын белгілеу құқы – ҚР Президентіне берілген! «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 85 бабы, 2 тармағы солай дейді.
2007 жылдан бастап Мәжіліс партиялық тізім бойынша жасақталады. 107 депутаттан тұрады. Оның 9-ы Ассамблея дейтін ұйымнан.
Сонымен, сайлаудың «старты» берілді. Науқан басталады. Қаңтарда Мәжіліс құрамы ауысады. Жоғарыда айттық, науқаны бүгін басталып, келер жылы өтетін бұл жолғы сайлауға қатысты түрлі болжамдар айтылды.
Қазір енді 6-шы шақырым депутаттары өз жұмыстарын қорытындылайды. Сөйтіп, сайлауды тосады. Ал осы шақырылымда кімдер депутат болды? Міне, қараңыз:
Владислав Косарев – биыл 83-те (зейнет жасында).
Қуаныш Сұлтанов – биыл 75-те (зейнет жасында).
Тұрғын Сыздықов – биыл 73-те (зейнет жасында).
Бақтықожа Ізмұхамбетов – биыл 72-де (зейнет жасында).
Владимир Божко – биыл 71-де (зейнет жасында).
Қабиболла Жақыпов – биыл 71-де (зейнет жасында).
Гүлжан Қарақұсова – биыл 70-те (зейнет жасында).
Жексенбай Дүйсебаев – биыл 70-те (зейнет жасында).
Шаймардан Нурумов – биыл 70-те (зейнет жасында).
Серік Үмбетов – биыл 70-те (зейнет жасында).
Сауытбек Әбдірахманов – биыл 69-да (зейнет жасында).
Жанат Жарасов – биыл 69-да (зейнет жасында).
Ахмет Мурадов – биыл 69-да (зейнет жасында).
Абай Тасболатов – биыл 69-да (зейнет жасында).
Бақытжан Ертаев – биыл 68-де (зейнет жасында).
Ерсұлтан Бектұрғанов – биыл 68-де (зейнет жасында).
Байділдә Жылқышиев – биыл 68-де (зейнет жасында).
Асқар Базарбаев – биыл 66-да (зейнет жасында).
Галина Баймаханова – биыл 66-да (зейнет жасында).
Омархан Өксікбаев – биыл 66-да (зейнет жасында).
Михаил Чирков – биыл 66-да (зейнет жасында).
Роман Ким – биыл 65-те (зейнет жасында).
Екатерина Никитинская – биыл 65-те (зейнет жасында).
Майра Айсина – биыл 64-те (зейнет жасында).
Василий Олейник – биыл 64-те (зейнет жасында).
Ирина Аронова – биыл 63-те (зейнет жасында).
Светлана Бычкова – биыл 63-те (зейнет жасында).
Гүлмира Исимбаева – биыл 63-те (зейнет жасында).
Бейбіт Мамраев – биыл 63-те (зейнет жасында).
Кәрібай Мұсырман – биыл 63-те (зейнет жасында).
Серік Сейдуманов – биыл 63-те (зейнет жасында).
Зәуреш Аманжолова – биыл 62-де (зейнет жасында).
Зағипа Балиева – биыл 62-де (зейнет жасында).
Құралай Қарекен – биыл 62-де (зейнет жасында).
Татяна Яковлева – биыл 62-де (зейнет жасында).
Әбдіманап Бектұрғанов – биыл 62-де.
Шакир Хахазов – биыл 62-де.
Құдайберген Ержан – биыл 61-де.
Кеңес Абсатиров – биыл 61-де.
Уәлихан Қайназаров – биыл 61-де.
Мейрам Пішембаев – биыл 61-де.
Абзал Ералиев – биыл 60-та.
Аманжан Жамалов – биыл 60-та.
Қожахан Жабағиев – биыл 60-та.
Павел Казанцев – биыл 60-та.
Евгений Козлов – биыл 60-та.
Альберт Рау – биыл 60-та.
Бақытбек Смағұл – биыл 60-та.
Ирина Смирнова – биыл 60-та.
Александр Суслов – биы 60-та.
Жамбыл Ахметбеков – биыл 59-да.
Дания Еспаева – биыл 59-да.
Меруерт Қазбекова – биыл 59-да.
Жанат Омарбекова – биыл 59-да.
Нұрлан Нығматулин – биыл 58-де.
Нұртай Сабильянов – биыл 58-де.
Дархан Мыңбай – биыл 58-де.
Юрий Тимощенко – биыл 58-де.
Марат Бопазов – биыл 57-де.
Мұхтар Ерман – биыл 57-де.
Сергей Звольский – биыл 57-де.
Фахриддин Қаратаев – биыл 57-де.
Шавкат Өтемісов – биыл 57-де.
Серік Құсайынов – биыл 56-да.
Ирина Унжакова – биыл 56-да.
Жәмилә Нұрмамбетова – биыл 56-да.
Тарас Хитуов – биыл 56-да.
Сапар Ахметов – биыл 55-те.
Наталья Жұмаділдаева – биыл 55-те.
Мансұрхан Махамбетов – биыл 55-те.
Балайым Кесебаева – биыл 54-те.
Сәкен Қаныбеков – биыл 54-те.
Қанат Мусин – биыл 54-те.
Айгүл Нуркина – биыл 54-те.
Сәкен Өтебаев – биыл 54-те.
Бекболат Тілеухан – биыл 54-те.
Амангелді Дәуренбаев – биыл 53-те.
Ерлан Барлыбаев – биыл 53-те.
Арман Қожахметов – биыл 53-те.
Азат Перуашев – биыл 53-те.
Ольга Шишигина – биыл 52-де.
Нұржан Әшімбетов – биыл 51-де.
Гүлнар Бажанова – биыл 51-де.
Иван Клименко – биыл 50-де.
Берік Дүйсембинов – биыл 49-да.
Магеррам Магеррамов – биыл 49-да.
Петр Шарапаев – биыл 49-да.
Айқын Қоңыров – биыл 48-де.
Сергей Симонов – биыл 47-де.
Артур Платонов – биыл 46-да.
Мұрат Теміржанов – биыл 43-те.
Нұржан Әлтаев – биыл 42-де.
Берік Оспанов – биыл 44-те.
Снежанна Имашева – биыл 39-да.
Наринэ Микаелян – биыл 37-де.
Жұлдыз Омарбекова – биыл 37-де.
Нұрлан Әлімжанов – биыл 36-да.
Әлия Спарова – биыл 36-да.
Геннадий Шиповских – биыл 31-де.
Ал жаңа құрам қандай болуы керек?..
Президент Тоқаев бүгінгі Үндеуінде келер сайланатын Парламентте аз-кем өзгерістер болатынын, Парламентік оппозиция мен оларға берілетін құқық-құзыреттер туралы, «Саяси партиялар туралы» Заңға негізделгендей, әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квота туралы т.б. айтты.
Президент өз Үндеуінде: «Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды»,- деді.
Осыған дейін Қазақстанда саяси партия құрудың шартарына аздаған өзгерістер енгізілген. Алайда, соңғы 1-2 жылда әртүрлі топтардан партия құру туралы бастама көтерілгенімен, Қазақстанда жаңа партия тіркелген жоқ. Демек, қаңтарда өтетін сайлауға ОСК тіркеуінде бар 6 партия ғана қатыса алады. Олар: «Нұр Отан», «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік», «Компартия» мен «ЖСДП»...
Яғни, сайлау сценарийінде айтарлықтай өзгеріс бола қоюы екіталай. Қазірдің өзінде про-биліктік кейбір ұйымдар алдын-ала сауалнамалар жасап, келер жылғы сайлаудың 70-пайыздан аса дауысын «Нұр Отанға» еншілетіп отыр екен...
Сонымен, сайлау өтеді. Дауыстар есептеледі. Еліміздің ең негізгі Заң шығарушы органына жаңа депутаттар жасақталады. Олар кімдер болмақ? Жаңа құрам қандай болуы керек?..
1. Қазақ тілінде сөйлейтін Парламент керек!
Тәуелсіз Қазақстанның Парламенті қазақ тілді, яғни мемлекеттік тілде сөйлейтін Парламент болуы керек! Бұл Қазақстан халқының 80 пайыздан астамын құрайтын, мемлекетті құрушы ұлттың талабы!
Кешегі, бүгінгі Парламенттің ең басты қателігі – мемлекеттік тілді мансұқтауы! Қазақша сөйлемейтін, жат тілге жерік Парламенттің жұмыс істеуі! Қазіргі Парламент осылайша, елдің сенім-кредитінен айырылған.
Тәуелсіздіктің 28 жылында елімізде тек екі заң ғана қазақ тілінде дайындалған екен. Оның бірі - Әкім Ысқақтың ықпалымен әзірленген «Көші-қон туралы» заң болса, екіншісі - Фариза Оңғарсынованың бастамасымен дайындалған «Бала құқықтары жөніндегі» заң. Ал, қалғаны тек қана орыс тілінде дайындалған. Мұны Парламент депутаттарының өздері мойындаған, былтыр!
2. Ескі кадрлар толық кетуі керек!
Қазір Парламентте, оның ішінде Мәжілісте ыңғай «экс-тер» отыр. Экс-әкім, экс-министр, экс-шенеунік т.б. Одан бөлек, 10 жылдан аса уақыт отырған орнында тапжылмай отырған депутаттар бар. Жұрт олардың өзінен де, сөзінен де жауыр болған. Ескі-құсқы депутаттармен жаңа Парламент жасақтай алмаймыз!
3. Зейнеткер депутаттар орындарын босатуы керек!
Қазіргі парламентті «қарттар үйі» деп атауға әбден болады. Міне, қараңыз: ұзақ жылдар бойы 83-тегі Косарев, 75-тегі Сұлтанов, 70-тен асқан Сыздықов, Ізмұхамбетов, Божко, Қарақұсова мен Үмбетовтер депутаттықта отырғанда Мәжіліс «зейнеткерлер үйі» емей не болмақ? Бұлардың депутаттық қызметін қаншалықты эффективті деп айта аламыз?...
4. Коммунистер Мәжілістен кеутуі тиіс!
Былайғы күнде бар-жоғы білінбейтін, тек комсомолдың пәлен жылдығы, совет одағының түген күндігі деген секілді көнерген даталарда ғана бой көрсететін коммунистер өткенде қазақтың ішіндегі ұлтшыл, намысшыл патриоттарды – «радикалға» теңеп, Бас прокуратураға «арыз ұйымастырған» еді.
Бұл партия Мәжілісте бірқанша депутаттық мандатқа ие. Осы партияның қазіргі депутаттары «Орыспен ортақ ақшамыз болсын» деп сөйлеген. «Қазақстан орыс әлемінен алшақтап бара жатыр» деп жыларман болған. Одан қалса, өзге түгілі Кремльдің өзі керек етпеген пролетариат көсемі «Лениннің қаңқа сүйегін Қазақстанға сүйреп келейік» деп Мәжілістің мінберінен сөйлеген. Тізе берсең, тіпті көп...
Коммунистік партияның қандай партия екені, қазақ халқына қандай нәубет әкелгенін көзі ашық жұрттың бәрі де біледі. Өкінішке қарай, сол партия біздің елде әлі де тірі.
Қазақстан секілді коммунистік жүйеден аса ауыр қысас көрген, ұлттық геноцидке ұшыраған елде коммунистік партияның болуы, әрі биліктің қолдауына ие болуы нағыз масқара!
Кез-келген тәуелсіз елде басқа бір үкіметтің идеологиясын, саясатын дәріптеу сол елдің егемендігіне қауіп төндірері сөзсіз. Өзіміздің тәуелсіз еліміз, Президентіміз, мемлекеттік рәміздеріміз, әнұранымыз бар екенін ескермей, ескіні естен шығара алмай отырғандарға бір тоқтау бола ма?
Сондықтан, коммунистік партияға енді парламент мәжілісінде орын жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның төріне енді қызыл империяның қалдығы кәрі коммунистерді шығарудың қажеті қалмады деп есептейміз.
5. Ешкім көрмеген депутаттардан арылуымыз керек!
Иә, осы 4 жылда есім-сойларын ешкім естімеген, көрмеген, танымайтын депутаттар бар. Олар тізімде бар. Ал ел алдына шығып, екі ауыз сөз айтқанын көрмедік. Олардың арасында өз бизнестерінің мүддесі үшін отырғандары қаншама?.. Олар Мәжілісте не істеп отыр? Қандай Заң немесе заң жобаларын әзірлеген? Ел-жұрттың алдына келіп, кездесу өткізді ме? БАҚ-қа сұхбат берді ме?
Міне, әуелі осылардан тазаруымыз керек! Олардың орнына, сала мамандары, жас мамандар келуі керек! Сонда ғана Елбасы мен Президент айтатын «жаңару» жүзеге асады, аспаса да соның алғы шарты жасалады! Өйтпегенде, 15,3 миллиард теңге бөліп өткізетін сайлаудан соқыр-тиын пайда болмайтыны анық!
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Abai.kz